1 билет Альцгеймер ауруы


Фантомдық ауыру (грек. phantasma - елес, көрсету) –



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

 
4. Фантомдық ауыру (грек. phantasma - елес, көрсету) – аяқ-қолы кесілген 
адамдарда байқалады. Бұл кезде организмде жоқ дене мүшелері бар сияқты сезіліп, 
олардың орнында қатты ауыру сезімі пайда болады. Даму механизмі жұлын-
мидың, ретикулалық формацияның, ми бағанасы немесе оның орташа 
құрылымдарының төмендемелі антиноцицепциялық әсерінің бір уақытта 
әлсіреуімен бірге патологиялық күшейген қозу генераторының қалыптасуымен 
байланысты.
 
5. Атетоз (грек. athetos – белгілі бір дене тұрысының жойылуы) – агонистік және 
антогонистік бұлшықеттердің бір мезгілде, ұзақ мерзім белсендірілуінен 
туындайтын еріксіз стереотипті, құрт қимылы тәрізді баяу, әдеттен тыс 
қозғалыстармен көрінетін жағдай. Ол саусақтар мен башпайларда жиі байқалады 
және баяу гиперкинездердің көрінісі болып табылады.
 
Есеп: 6) созылмалы миелоцитарлы лейкоз лейкемиялык сатысы
7- билет 
1. Патологиялык доминанта - (лат. dominans - үстемдігі жоғары) - ОНЖ сол 
мезеттегі үстемдігі жоғары қызметтік құрылымы, басқа да нерв орталықтарының 
қызметін бағыттайды, атап айтқанда нерв орталықтарының белсенділігін тежеу 
арқылы оларға келген импульстарды өзіне «тартып» алып отырады. Патологиялық 
доминанта жүйеаралық қарым-қатынастың принципі және механизмі болып 
табылады 
2. Бас миы инфарктынын гемораггиялык трансформациясы 
(
haemorrhagia – қан 
кету + transformatio - өзгерту) – некрозданған тіндерге екіншілікті, яғни қайталап 
қан құйылуы. Бұл мидың ауыр ишемиялық зақымдануының асқынуы болып 
есептеледі және ми тінінде реперфузия туындауының маркері болып саналады. 
Осы гемморрагиялық трансформацияға айырықша бейімділіктің пайда болуы 
кардиоэмболиялық инсульт кезінде байқалады. 
3. Децеребрациялык сіреспе (лат. de - жою + cerebrum – бас миы + rigidus - мелшию) 
- ми бағанасын (ортаңғы мидың беткейіндегі жоғары және төменгі төмпешіктердің 
арасын) қиып кескенде байқалатын жазылатын бұлшықеттер тонусының бірден 
жоғарылауы, ал бүгілетін бұлшықеттердің әлсіреуі. Осыған орай дененің тепе-
теңдігін сақтайтын және оның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін рефлекстер 
жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет