1 билет Альцгеймер ауруы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

 
4. 
Тау протеин (ағылш. Microtubule-Associated Protein Tau, MAPT) – тау нәруыздары 
микротүтіктермен бірлескен нәруыздар тобына жатады және олардың 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Микротүтіктердің негізгі функциясы - 
иннервацияланатын жасушалық құрылымдарға және кері қарай нейрондардың 
цитоплазмасына трофогендерді тасымалдау. Патология кезінде тау-протеиннің 
гиперфосфорлануы байқалады, салдарынан олардың микротүтіктермен байланысы 
үзіледі де, тау-нәруыздардың жіпшелері бір бірімен біріге бастайды. Нәтижесінде 
нейрофибриллярлы шумақтар түзіледі.
 
5. 
Пенумбра («ишемиялық жартылай көлеңке») (лат. paene - сияқты + umbra - 
көлеңке) – ишемияға ұшыраған, бірақ, тіршілікке қабілеті бар, инфаркт ядросының 
аймағын қоршап жатқан ми тіндерінің аумағы. Пенумбра аумағының қанмен 
қамтамасыз етілуі, қалыпты қызмет атқару үшін қажетті деңгейден төмен, бірақ, 
қайтымсыз өзгерістер туындайтын критикалық (шектік) межеден жоғары болады. 
Пенумбра аумағында энергиялық метаболизм толығымен сақталған, құрылымдық 
өзгерістер жоқ, тек функциялық өзгерістер байқалады.
 
Есеп: Теміртапшылықты анемия
4 нуска
1. 
Абсанс 
(франц. аbsence - жоқ) - қысқа мерзімге естен танумен, жиілігі жоғары 
және қысқа мерзімді пароксизмдермен сипатталатын генерализацияланған 
құрысқақсыз талмалардың алуан түрлілігі. Абсанс кезінде 
электроэнцефалограммада жиілігі 3-4 Гц., генерализацияланған спайктолқынды 
белсенділік тәрізді спецификалық паттерн анықталады.
 
2. 
Бүйірлік амиотрофиялық склероз (грек. а – жоқ, теріс мән + mys - бұлшықет + trophe 
- қорек + лат. sclerosis - беріштену, қату) 

ОЖЖ-нің емделмейтін дегенеративті баяу 
үдемелі ауруы. Бұл кезде жоғары қимылдық нейрондар (бас миының моторлық 
қыртысы), және төменгі қимылдық нейрондар (жұлынның алдыңғы мүйізі және 
бассүйек нервтерінің ядролары) зақымданады, салдарынан паралич және 
бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Патогенезінде нейрондардың аса 
қозымдылығын тудыратын және өліміне 111 әкелетін (эксайтоуыттылық), 
глутаматергиялық жүйенің белсенділігінің артуы маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет