4. Тонустық құрысу (грек. tonikos – күштену, қатаю) - Бұлшықеттердің ұзақ
жиырылуынан, олардың сол қалпында (бүгілген немесе керілген күйі) қатып қалуы,
науқастың денесі керілген, басы шалқайған немесе иілген күйінде 106 қалады. Бұл
қыртысасты құрылымдардың тым артық қозуынан және уыттанудың кейбір түрлерінде
(мысалы, алкогольді, сіреспеде) дамуы мүмкін.
5.Шашыранды склероз (лат. от лат. multiplex - көптеген + sclerosis – беріштену, қату) –
ОЖЖ-нің барлық бөлімдерінде таралған склероздық ошақтардың пайда болуымен
сипатталатын созылмалы үдемелі нейродегенеративті ауру. Негізінен жұлын мен бас
миының ақ затындағы миелиннің (димиелинизация) бұзылуы маңызды (шашыранды
склероздық түйіндер). ШС түрлі неврологиялық симптомдармен сипатталады, бас миы
мен жұлынның оптикалық, пирамидалық және мишық жүйесіндегі бұзылыстардың
көріністері байқалады.
Есептің жауабы: гипоаплазиялык анемия 3 билет 1. Патологиялық парабиоз (грек. рara - жанында, маңында + bios- өмір) - деп кез
келген организмнің нервтік құрылымының өткізгіштігін бұзатын, орналасқан
жерінің қозымдылығын күшейтетін және ауытқымайтын, стационарлық, тұрақты
жағдайды айтады. Парабиоз дамуы нерв 97 құрылымдарының бұзылған
функцияларын өздігінен қалпына келтіру қасиетінің жартылай немесе толығымен
жойылуы нейрон мембранасындағы натрий каналдарының бөгелісімен
байланысты.
2. Патологиялық ауырсыну -
ОНЖ-нің қыртыстық және қыртысастылық бөлімдерін
бұзылуы нәтижесінде организмнің өзгерген ауырсыну импульстерін қабылдауы.
Осындай бұзылыстар ноцицепциялық жүйелердің кез келген бөлімінде туындауы
мүмкін. Сонымен бірге, ноцицепциялық өрлемелі құрылымдар мен
антиноцицепциялық жүйелер арасындағы байланыстардың бұзылуынан дамиды.
3. Менингит (лат. meninx – ми қабығы + -itis – қабынбалық процесті білдіретін
суффикс) - бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және басқа да заттектердің
әсерінен ми және жұлынның іріңді немесе сірнелі қабынуы. Клиникалық
практикада «менингит» термині мидың жұмсақ қабығының қабынуымен
түсіндіріледі. Менингит клиникалық менингеалдық симптомдар мен ликвордағы
қабынбалық өзгерістердің бірігуімен сипатталады.