2-сұрақ.Митохондрияның микроскопиялық құрылысын сипатта. Клеткада митохондрия қандай жолмен пайда болады? • Митохондрия құрылымы күрделі, қос мембраналық жүйемен сипатталады. Сыртқы мембрана қорғаныш тосқауыл ретінде қызмет етеді, ал ішкі мембрана көптеген кристалдарға бүктелген, АТФ синтезіне арналған механизмдерді орналастырады. Бұл мембраналар арасындағы кеңістік мембрана аралық кеңістік деп аталады, ал ішкі мембранамен қоршалған ең ішкі бөлімді матрица деп атайды. Бұл бөлімдердің әрқайсысы әртүрлі митохондриялық функцияларда ерекше рөл атқарады. Энергия өндірудегі рөлінен басқа, митохондриялар көп функциялы құрылымдар болып табылады. Олар көптеген жасушалық процестерге, соның ішінде сигнал беру жолдарына, жасушалардың дифференциациясына және жасушалық циклдің реттелуіне қатысады. Сонымен қатар, олар зақымдалған немесе қажет емес жасушаларды жоюды қамтамасыз ететін апоптозда немесе бағдарламаланған жасуша өлімінде шешуші рөл атқарады. Олардың сансыз функцияларын ескере отырып, митохондриялық дисфункциялардың белгілі бір митохондриялық бұзылулардан бастап жүрек аурулары мен нейродегенеративті аурулар сияқты кеңірек жағдайларға дейінгі әртүрлі адам ауруларына қатысты болуы таңқаларлық емес.
• Жаңа митохондриялар бұрынғы митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болады. Құрылысы. Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды.
3-сұрақ.Сүйек ұлпасының клеткалық элементтері: остеобласт, остеоцит, остеокласт құрылысы және рөлі. Остеобласттер (грекше osteon – сүйек, blastos - ұрық) сүйек ұлпасын түзуші клеткалар. Қуыстардың ішінде жайғасады. Қуыстар өзара жіңішке каналшықтармен жалғасады. Осы каналдар мен каналшықтар арқылы қан тамырлары өтеді. Қалыптасқан сүйектерде сүйек ұлпасының ыдырауы мен қалпына келу учаскелерінде ғана кездеседі. Пішіндері – куб, пирамида тәрізді, көп бұрышты болып келеді. Жұмыр немесе сопақша ядросы клетканың шет жағында орналасады. Цитоплазмасында гранулалық эндоплазмалық тор, митохондриялар мен Гольджи кешені жақсы жетілген. РНК көп болады; сілтілік фосфотазаның белсенділігі жоғары. Остеобластерге тән қасиет сүйектің минералды алмасуында маңызды рөл атқаратын олардың цитоплазмасындағы сілтілік фосфотазаның белсенділігінің жоғары болуы. Остеобластелердің негізгі функциясы сүйектің органикалық матриксін синтездеу жіне секрециялау. Остеобластер жіктеліп остеоциттерге айналады. Остеобластының секрециялық белсенділігінің негізгі өнімі проколлаген жіне сүйек мктриксінің аморфтық компоненті және кейбір ферменттер. Проколлаген коллаген талшықтарына айналады.
Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі митозға қабілетсіз ересек жануарларға тән клеткалар. Цитоплазмасында митохондрийлердің аздаған саны мен шала жіктелген Гольджидің кешені болады. Остеоциттер өзінің пішінін қайталайтын қуыстарда жайғасады. Остеоциттердің өсінділері бір-бірімен жалғасып жататын каналшықтарға кіріп тұрады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстарында ұлпаның метаболизмін қамтамасыз ететін ұлпалық сүйек ағып тұрады. Клеткалар мен сүйек каналшықтары қасиеттері жағынан клеткааралық заттан ажырайтын жұқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахарид пен жіңішке коллаген талшықтарынан тұрады. Қалған клеткааралық заттың бәрі коллаген талшықтары мен аморфты заттың аздаған мөлшерінен және кальций тұздарынан тұрады. Сүйектің ішіндегі каналдар арқылы қан тамырлары өтеді. Сүйек қуыстарының каналшықтары өзара және сүйектің ішіндегі периваскулалық қуыстармен байланысып остеоциттер мен ұлпалық сұйық арасындағы заттардың алмасуын қамтамасыз етеді.
Остеокласттар (грекше osteon – сүйек, clao – талқандау) – сүйек пен шеміршекті талқандаушы ірі көп ядролы клеткалар. Цитоплазмалық тор нашар жетілген, оның есесіне митохондрийлер мен лизосомалар және вакуольдер көп болады. Гольджи кешені де жақсы жетілген. Остеокласт гликолиздің есебінен өзінің бетінде қышқыл орта құрай алады. Қышқыл орта остеокластының бөлетін протеолиздеуші және лизосомалардың басқа ферменттерінің белсенділігін арттыруға себепші болады.