1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Диалогтік оқыту. Әңгіме әдісі, түрлері және оны химияны оқытуда қолдану тәсілдері



бет25/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2. Диалогтік оқыту. Әңгіме әдісі, түрлері және оны химияны оқытуда қолдану тәсілдері
Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің
нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
Оқыту әдістері дегеніміз- “белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі”.
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері “мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы”.
Оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін Ал химияны оқыту әдістері ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.
Әдістерді жіктеуде химиялық өздік-ерекше әдістер, педагогикалық және логикалық әдістер басшылыққа алынады.
Атақты орыс педагогі Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін мынадай топтарға бөледі:
• оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері.
• Оқу-танымдық қызметті ынталандыру және мотивтендіру әдістері
• Оқу-танымдық қызметті бақылау және өздік бақылау әдістері

Химияны оқытудың жалпы әдістерін олар үш топқа бөлінеді.


1. Түсіндірме-көрнекі бейнелеу немесе ақпараттық-репродуктивтік.
2. Ішінара-ізденіс
3. Зерттеу әдістері деп бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет