2. Химия бойынша мектептегі дәріске қойылатын талаптар.
Дәріс өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:
1.Түсіндірілетін сауалдардың айқын құрылымға ие болып, бірізділікпен ашылуы;
2. Теориялық жағынан айқын маңызды проблеманы көтеру;
3. Алдыңғы өтілген сабақтың материалымен байланыстылық;
4. Сенімді мысалдар, фактілердің келтірілуі;
5.Оқушылардың қызығушылығын туғызып, дербес жұмыс істеуге бағдар беру;
6.Оқу материалының бала ұғымына сай әдістемелік өңделгенін таныту;
7. Оқу материалы балаларға ұсынылған -дыбыс, -бейне, жазбалармен, үлгі, көрнекілікпен үйлесуі шарт;
8. Балаға түсіндірілетін терминдер мен ұғым-түсініктердің үлестірме материал ретінде алдын ала таратылып беруі түрінде болып келеді.
Мектептегі дәрістегі ең бастысы – ой мен жүйелілік, түсіндірілетін сауалдың қызықты тұсын көрсете білу, қысқа да, нақ, тез есте сақталатын түйіндеме жасау, оқушылардың өрелік деңгейінің артуына, бала назар аударуының мұғалім ойымен ілесіп отыруына қол жеткізу болып табылады.
3. Жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктері.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып,білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге,ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады.Жеке оқушының компьютерде жұмысты сауатты орындауы,ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін,оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады.Химия сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға,дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға,сабақты шапшаң жүргізуге,өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Химия мұғалімі АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерттеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерттей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
№15 БИЛЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |