1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Оқушылардың білімін есепке алу және жеке түрлері. Оқыту нәтижесін жазбаша тексеру ДИНАРА 48



бет33/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2. Оқушылардың білімін есепке алу және жеке түрлері. Оқыту нәтижесін жазбаша тексеру ДИНАРА 48
3. Жобалау технологиясы. Оқыту әдістемесі. САУЛЕ 78
19 БИЛЕТ
1.«Циклопарафиндер» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Органикалық химияның негізгі танымдық міндеті биологиялық құбылыстарды молекулалық деңгейде зерттеуде тұр. Жасушада өтетін химиялық процестер анықталып, «ағзаға диалектикалық өтуді» түсіндіреді.
Егер органикалық химия заттардың көмірсутектерден күрделі қосылыстарға дейінгі дамуын зерттесе және өмір құбылыстарының химиялық негізін ашуға бағытталса онда органикалық химия оқу пәні де осы прцесті жаңғыртып, оқушыларды оны түсінуге әкелуі қажет. Осының негізінде органикалық химияның оқу материалы қатарына ағзаның сыртқы ортамен зат алмасуы негізінде түзілген заттар енуі керек. Оларға ақуыз, май, көмірсулар, нуклеин қышқылдары кіреді. Осы аталған заттар арқылы тірі ағзалар сыртқы ортамен зат алмасуы негізінде күрделі материалдық жүйені құрайды.
Амин қышқылдарын оқу үшін алдымен аминдер мен карбон қышқылдарымен танысу, ал майларды күрделі эфирлерді көп атомды спирттер мен қаныққан және қанықпаған қышқылдардан кейін қарастыру қажет.Осы кластардың бәрін оқу үшін ең алдымен көмірсутектер жайлы білім керек. Органикалық химия курсын осы аталған кластарды кері күрделену бағытында оқуға негіздеп құру керек. Яғни көмірсутектерден ақуыздарға, нуклеин қышқылдарына қарай.
Бұрынғы оқулықтарда алдымен мысалы метанның құрылысы мен қасиеті, табиғатта кездесуі, қолданылуы жайлы толық беріліп, содан кейін басқа қаныққан көмірсутектерді қолданып гомологтық қатар туралы түсінік берілген. Қанықпаған көмірсутектер мен спирттерді оқу да осылай жүргізілген. Нәтижесінде көп нәрсе қайта-қайта қайталанған.
Қазіргі кездегі бағдарламада гомологтық қатардың алғашқы өкілдері жайлы түсінік беріліп, қалған аспектілері гомологтық қатар негізінде қарастырылады.
Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы — олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10, циклогександар С6Н12, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет