1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Ақпараттық технологиялар. АКТ қолдану. Оқыту әдістемесі



бет30/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3. Ақпараттық технологиялар. АКТ қолдану. Оқыту әдістемесі. НЕ НАШЛИ

16 БИЛЕТ


1.«Металдардың жалпы қасиеттері. І - ІІІ топ металдары» тақырыбын оқыту әдістемесі
Металдар туралы оқу материалын өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрылысы мен қасиеттері, химиялық реакция, т.б. үғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрылысы, химиялық байланыс жэне иондық теория жөніндегі білім қолданыс табады. Металлургия өнеркәсібі жэне металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақтылы ұғым қалыптасады.
Металдарды жүйелі түрде қарастырғанда оқушылардың 8-9 сыныптардың жеке тақырыптарында алынған мына тірек білімі ескеріледі: «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбынан элементтердің жіктелуі; металдар туралы алғашқы ұғым; «Оттегі» тақырыбынан металдардың тотығуы, металл оксидтері туралы ұгым; «Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбынан металдардың қышқылдармен эрекеттесуі жэне металдардың активтік қатары туралы алғашқы түсінік, металл оксидтерінің сутегімен тотықсыздануы жэне қышқылдармен алмасу реакцияларына түсуі, металдардың түздар қүрамына кіруі; «Су. Негіздер. Ерітінділер» тақырыбынан металдардың сумен эрекеттесуі және негіздер қүрамына кіруі; «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөнінде білімді қррытындылау» тақырыбынан металдардың бейметалдармен жэне қышқылдармен эрекеттесуі, оксид жэне гидроксид қосылыстарының қасиеттері, «Периодтық заң жэне периодтық жүйе» тақырыбынан сілтілік металдардың табиғи тобы, периодтык жүйеде металдардың орналасуы, электрондық құрылысының ерекшеліктері, иондануға бейімділігі; бейметалдар орналасқан негізгі топшаларды оқығанда металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері, қышқылдармен эрекеттесуінің ерекшеліктері, оксидтері, гидроксидтері және тұздары ескеріледі.Бұл білім металдардың жалпы қасиеттерін дедуктивті тэсілмен, оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы, оқып-үйренуге негіз болады.
Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып, мына мәселелерге назар аударылады: «металл» термині химиялық элементтерді жэне олар түзетін жай заттарды белгілейді; бір термин арқылы берілетін екі ұғымның эрқайсысының өзіндік мазмүлы жэне көлемі нақтыланады; периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі, атом радиусы, иондану энергиясы, т.б. элементке тән сипаттамалар. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гөрі көбірек сексеннен асады.
Олар I - III негізгі топшаларда (бордан басқа) жэне барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан. Металл атомдарының негізгі ерекшелігі - сыртқы қабатындағы электрондар саны аз, атом радиустары едәуір үлкен. Әр период s-деңгейшесін электрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады. Үлкен периодтардың ортасында орналасқан металдар атомдары (Sc-Zn, V-Cd) d-деңгейшесін, аса үлкен периодтарда орналасқан металдар af-деңгейшесін жэне /-деңгейшелерін (лантаноидтар мен актиноидтар) электрондармен толтырады.
Металдардьщ жай заттарын белгілейтін терминнің мағынасы олардың атомдары түзетін химиялық байланыстың табиғатын жэне кристалл торлардың түрлерін қарастыру арқылы ашыладьт. Металдық химиялық байланыс ковалентті жэне иондық байланыстармен,молекулалық, атомдық, иондық кристалл торлары металдық кристалл торымен салыстырылып, ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
Модельдерді жэне оқулықтарды пайдаланып, металдық кристалл тордың құрылысы түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет