1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Көміртегі топшасын» оқыту әдістемесі



бет29/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.«Көміртегі топшасын» оқыту әдістемесі
Бүл топшаның элементтері: атом қүрылысының электрондық жэне графикалық формулалары, тотығу дәрежелері, жай заттарының қүрылысы, оксидтерінің формулалары, қышқылдарының формулалары, сутекті қосылыстарының формулалары бойынша талданады. Осының алдындағы топшаның элементтерімен салыстырылады. Көміртегі түзетіи жай заттарының кұрылысы мен қасиеттері модельдер және кестелер арқылы нақтыланады. Алмаз бен графиттің қасиеттеріндегі айырмашылықтардың себептері ашылады. Оқушылардың атомдық ковалентті байланыстар, олардың кеңістікте орналасуы жөнінде білімі кеңейеді. Аморфты көміртегінің қасиеттерін талқылаумен байланысты жаңадан адсорбция қүбылысы жэне оның маңызы туралы түсінік алады.
Көміртегі мен кремний қосылыстарының сан алуандығы, табиғаттағы жэне организмдер тіршілігіндегі мәнімен танысады. Бүл элемент атомдарының озара химиялық байланыстар түзу ерекшелігін түсінеді, олардың кеңістіктегі багытталуы туралы көзқарас қалыптасады.
Күрделі заттардың қүрылысы мен қүрылымының қасиеттеріне тигізетін эсері көміртегі (IV) оксиді мен кремний оксидтерін, кемір қышқылы мен кремний қышқылын салыстырғанда айқын білінеді. Бұл заттардың құрамы үқсас болғанымен, қүрылысы эр түрлі, сондықтан қасиеттері бір-біріне үқсамайды.
Қышқылдарға тэн жалпы қасиеттер комір кышқылында айқын білінбейтініне назар аударылады. Көмір қышқылы активті металдармен (магний) жэне суда еритін негіздік оксидтермен, кремний қышқылының еритін түздарымен ғана эрекеттеседі. Бүл оның әлсіз, әрі түрақсыз екендігін білдіреді. Кремний қышқылы -ерімейтін қышқыл, сілтілермен реакцияға түседі, қышқылдардың басқа қасиеттерін корсетпейді. Осыдан, көмір жэне кремний қышқылдарын откенде, қышқылдардың жалпы жэне айрықша қасиеттері туралы оқушылардың білімі терендейді.
2. Жаңа тақырыпты оқытуда оқушылармен жұмысты ұйымдастыру
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет