1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы



бет14/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134
емтихан

1.Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.
Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.
Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде.Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай,ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс. «Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,-деген В.А.Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. 
Мектепке дейінгі кезеңдегі бала тәрбиесінің ерекшеліктерін қарастырайық. Оларды екі топқа бөлеміз, бірінші тобы – жалпы, ол адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет