1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет15/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134
емтихан

Ерекшеліктердің бірінші тобы
Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, білімі мен білігін тәрбиелеудің, үлкен адамдардың баланың айналасындағы өмірге, өзіне және басқа адамдарға қарым-қатынас жүйесін қалыптастырудың бағыттылығы.


Тәрбие процесінің көпфакторлығы – тәрбие процесінде тәрбие үдерісінің күрделендіруге себеп болатын көптеген субъективтік және объективтік факторлардың кездесуі.
Тәрбиенің үздіксіздігі – баланың күн тәртібіндегі барлық іс- әрекетінде жүретін процесс. Тәрбие стихиялы және мақсатты түрде бала өмірінің әр сәтінде болып тұрады. 
Тәрбие процесінің кешенділік сипаты өзара ықпалдас компоненттердің көптүрлілігін (мақсаттық, мазмұндық, процессуалдық) қамтиды, олар өзара ықпалдастық және өзара бағыну жағдайында болады:

  • тәрбиенің мазмұндық элементтері (дене, ақыл-ой, әлеуметтік- адамгершілік, эстетикалық, еңбек, құқықтық, жыныстық, экологиялық және т.б.);

  • тәрбие процесінің құрылымдық компоненттері (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижелері);

  • субъектілері – тәрбие процесіне қатысушылар (психологиялық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық- техникалық).

Ерекшеліктердің екінші тобына мыналар жатады:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі үлкен адамдардың анықтаушы рөлі. Бұл жас кезеңінде үлкендер тәрбиелеушілік, оқытушылық, дамытушылық, бейімдеушілік, ұйымдастырушылық, үйлестірушілік және жинақтаушылық функцияларын орындайды.
Тәрбие нәтижелерін уақытымен созу – мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу негіздері салынады да, келесі жас кезеңдерінде дамып, тереңдеп, кеңейеді және тұлғаның тәрбиеленгендігіне дейін өсіп жетіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың тәртібі мен іс-әрекеті тікелей сезіммен, эмоциямен, ниеттенуімен реттеледі.
Үлкен адамдар тарапынан баланың тұлғалық қасиеттерін жағымды бағалаудың, істерін мақұлдаудың ерекше маңыздылығы.
Үнемі көрнекілікке сүйенудің, метеп жасына дейінгі баланың тәрбиесінде жағымды практикалық өнегенің қажеттілігі.
Қалыптасқан қасиеттердің, әдептердің, біліктің тұрақсыздығы, ұдайы қайталап отырудың, бекітудің, өмірдің түрлі жағдаяттарында қолданудың қажеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет