1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


-қадам. Тақырып бойынша тірек сызбаларды салу (анықталған негізгі ұғымдар бойынша). 5-қадам



бет10/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134
емтихан

4-қадам. Тақырып бойынша тірек сызбаларды салу (анықталған негізгі ұғымдар бойынша).
5-қадам. Оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру.
6-қадам. Сынақ немесе пән ерекшелігіне қарай алынатын бақылау жұмысы үшін модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру.
7-қадам. Диалогтық сұхбат бөлімі. Мабақтарды өткізу түрі ойластырылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі, қиын деңгейдегі – зерттеу элементтері бар күрделенген мапсырмаларды әр оқушы үшін дайындау.
Модульдің әрбір құрылымдық бөлімдерінде пайдаларатын әдістемелер мен жұмыс жүйелерінің жинағын ұсынады:
проблемалық ситуация тудыру;
негізгі оқу міндетін анықтау;
өзін-өзі бақылау және алдағы тақырыпты, тарауды оқуға дайындығын оқушылардың өздерінің бағалауы;
алдағы жұмыс жоспарын жасау және оны талқылау.
3-билет
1. Оқыту әдістерінің классификациясы. Қазіргі уақыттағы оқыту әдістеріне қойылатын талаптар.
Классификация – бұл ғылыми әдіс, көптеген ажыратылған обьектілердің қандай да бір белгісіне қарай қайта топтасуы. Оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады.
Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден ала ды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет