1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Қазақ тілін оқыту құралдары. Оқулық. Көрнекілік, оның түрлері



бет23/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134
емтихан

2.Қазақ тілін оқыту құралдары. Оқулық. Көрнекілік, оның түрлері.
Дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды (магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы. Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық жəне синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша жəне жазбаса жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Фонетикалық жəне орфографиялық кестелер жазылуы жəне айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Қазақ тілі əдістемесінде құрылымдық схема кестенің негізін жасаушылардың бірі Ш.Əуелбаев. Қазақ тілі сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфограммаларды дұрыс жазып үйрану үшін пайдалы. Мысалы, жалғау – жұрнақ жалғанғандағы өзгерістерді графикалық схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға таныс тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге болады. поэтикалық шығармаларды тыңдату, диафильм, кинофильмдердің, мазмұнын дыбыс арқылы жандандыру сияқты жұмыс түрлері оқушылардың өздігінен білім 
алуына көмектеседі. Магнитофон қазақ тілі сабақтарында мынадай мақсаттарда қолданылады: магнит таспасына жазылған мəтінді қара сөзге айналдыру,өлеңмен жазылған сөздерді қара сөзге айналдыру, диктор тарапынан оқылған мəтінге немесе сөйлемге сұрақ қою, белгілі бір тақырыпқа жазылған мəтінді магнитафон арқылы тыңдап, оған жоспар құрғыза отырып, мазмұндама, шығарма, диктант жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ шығарманың тіл ерекшелігін таныту, идеялық мəнін, мазмұнын ашу мақсатында үлгілі мəтіндерді, көркем шығарма үзінділерін тыңдату арқылы тіл дамыту жұмысын ұйымдастыру өте пайдалы. Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Əсіресе суретпен берілген карточкаларды «Лексика», «Сөз құрамы» тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді. Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық жəне пунктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға байланысты, құрмалас сөйлем синтаксисін қайталау мақсатында қолдану керек. Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл көбіне оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу, суреттің астын оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды. Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат есімнен жан –жакты мəлімет беруге байланысты кесте – альбом жасауға болады. 
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ тілі сабақтарына открытка жəне түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып жүр. Открытка жəне түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондайақ оқушының белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер магнит тақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату, мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді. 
Қазақ тілінің жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы мен оқулығына байланысты. Орта мектептің 4-8 көлемін белгілейтін және оқытуға басшылық жасап отыратын Білім министірлігі бекіткен ең басты мемлекеттік құжат болып саналады.
Қазақ тілінің оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады. 
Оқулық дегеніміз – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздерін бағдарламаға сәйкес баяндайтын , оқу мақсатына арналған кітап.
Қазақ тілі оқулығына қойылатын талаптар.
Оқулықтың мазмұны мен құрылысы мектепте қазақ тілін оқыту міндеттерімен және осы пәннің ерекшелігімен белгіленген. Осыған сәйкес қазақ тілі оқулығына мынандай талаптар қойылады: 1) Оқушыларға тәрбие беруге , олардың логикалық ойлауын дамытуға жәрдемдеседі; 2) Қазақ тілі бойынша оқушыларға ғылыми жағынан нақты жүйелі анықтамалар беріліп, мағлұматтар оқушылардың жасына сәйкес, түсінікті баяндалуға тиіс; 3) Мазмұнды , тартымды , тиімді, әдістемелік тұрғыда үйлесімді бірізділікпен орналасқан алуан түрлі жаттығуларды жеткілікті енгізілгені жөн; 4) Оқулық мазмұн жағынан қызғылықты ғана болып қоймай, өзінің түр – тұрпаты жағынан тартымды болуға тиіс. Бұл тұрғыдан оқушының сырт бейнесіне де көрнекті болуының үлкен маңызы бар (әріптердің көлемі, әр түрлілігі, қағазы, форматы, түптелуі. т.т.)
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Иллюстративті құралдарға:
Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.
Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.
Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет