Оқушылардың жазбаша тілін дамытатын стратегиялар:
«Биопоэма» стратегиясы
Аты-жөніңіз.
Өзіңізді сипаттайтын 2-3 сын есім.
Басыңыздан өткен өте маңызды 2-3 оқиға.
Өте жақсы көретін нәрсе, зат. Құбылыс.
Бәрінен не нәрседен қорқасыз?
Сіздің басты арманыңыз? (Жеке басына байланысты, мамандығына байланысты, жұмысқа байланысты)
Өзіңізді немен бейнелейсіз? (Қандай жан-жануарға ұқсайсыз, құсқа қандай табиғаттың бір бөлігіне ұқсайсыз?) Неге өзіңізді соған ұқсатасыз?
Неге бүгін осы жерде отырсыз? Қандай мақсатпен келдіңіз?
«Еркін жазу стратегиясы» Эссе жазу-5 минут. Мұғалім оқушылардың ойына не келеді екенін жазып алуын ұсынады.
Эссе-адам өзін толғандырған ішіндегі ойын, сезімін қысқа ғана, шағын шығарма ретінде жазу.
«РАФТ» стратегиясы.
Р-кім боласың (кім жазады)
А-кімге жазасың
Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)
Т-қандай тақырыпта.
«Елес, жекелеу» стратегиясы. Кездестірген адам туралы жазу. (мысалы, таңертең кездескем адам туралы жазу)
«Екі түсіндірмелі күнделік» стратегиясы. Оқушылардың дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.
Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Әсер еткен жері. Неге әсет етті? Себебі.
№ 5-билет
1.Педагогиканың пәні, жүйесі мен салалары, негізгі педагогикалық ұғымдар.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Жалпы педагогика — адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектептану.
1.Тәрбие процесі
оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
-мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);
мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші)
-нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
Достарыңызбен бөлісу: |