2.«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды.
3.Тәрбие теориясы - тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, оның негізгі құрылымдық элементтерін және әдістемесін айқындайтын педагогика бөлімі. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
• халыққа білім беру;
• лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
• оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
• оның формалары, әдістері.
Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді.
Мектепке дейінгі педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды.
Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |