2.Драмалық шығармалардың заңдылығы, жанрлық ерекшелігі.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. XX ғасырдың басындағы қазақ драматургиясы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Ж. Аймауытовтың «Рәбиға», «Ескерту», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз», Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгеровтің «Алтын сақина», «Парашылдар», «Ескі оқу», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Абай», «Хан Кене», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын», «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы» (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған), Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына», Бейімбет Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі, «Неке қияр», «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік», «Майдан», «Аманкелді» (Ғ. Мүсіреповпен бірігіп жазған), Ілияс Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб», «Біздің жігіттер», «Исатай-Махамбет», Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Күрес күндерінде», Ғабит Мүсіреповтің «Аманкелді» (Б. Майлинмен бірігіп жазған), «Ақан сері – Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» операсының либреттосы т.б. көрнекті драматург-қаламгерлердің (Ж. Шанин, Ә. Тәжібаев, Ә. Әбішев, М. Ақынжанов, т.б.) пьесалары-спектакльдері ұлттық әдебиет пен театр өнерін дамытуға мол үлес қосты.
Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:
Баяндау-сипаттау бейнесінің болмауы;
Негізгі мәтін драмалық шығармабатырлардың көшірмелері түрінде ұсынылған (монолог және диалог);
Драматургия әдебиеттің бір түрі ретінде эпос сияқты көркемдік және бейнелік құралдардың алуан түрлілігіне ие емес: сөйлеу мен іс – кейіпкер бейнесін жасаудың негізгі құралы;
Мәтіннің көлемі мен әрекеттің ұзақтығы сахналық шеңбермен шектеледі;
Сахна өнерінің талаптары драманың бір түрін әсірелеу (әсірелеу) сияқты ерекшелікті талап етеді:
Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеуметтік өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады.Драмадағы ең басты, ең шешуші, ең негізгі нәрсе – тіл.Драмадағы хал-күйдің басы (экспозиция), әрине, пьесаның кіріспесі іспетті, алғашқы актіде жатады. Мұның міндеті – көрерменді пьесаға қатынасатын адамдармен (персонаждармен) таныстыру. Экспозиция екі түрлі (жардай экспозициясы, мінез экспозициясы) болуы мүмкін. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады.
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір арнада өрбіп, дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |