Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
• бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
• үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту.
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
• мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
• оқушылардың сұрақтарына жауап;
• оқушыларға тапсырма беру;
• тапсырманы тексеру;
• үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
• ұйымдастыру бөлімі;
• тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің кіріспе сөзі;
• жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар беру;
• оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
• оқылған материалды қорытындылау;
• сабақтың нәтижелеріне баға беру;
•үйге тапсырма.
Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
•жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
•тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
•сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
•қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
•баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
•алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
•өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |