1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет39/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
емтихан

саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерді сөз етеді);

  • сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізі әңгіме сүйіспендік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін);

  • философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең мазмұнға құрады. Осылардың ішінде ерекше тұратыны - табиғат лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау, орман, тоғай тәрізді әр алуан табиғат құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық өлеңдер.

    Әрине, лирикалық өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда байқалатын көңіл күйлері де ақынның өмірге көзқарасымен байланысты.
    «Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да суреттейтін құбылыстары көп. Қандай суреткер болсын, қөркем шығарма жазудағы мақсат -өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алғанда, лириканың өзге текстерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан тек тәсіл жағынан айырмасы бар Ендеше эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман окиғаларды суреттеуде мүмкіндігі лирикадан әлдеқайда мол, құрамы кең. Эпиқалық шығармалардың көбі сюжетке құрылады. Адам образын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
    Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады.
    Ашуландырған, қуантқан, ренжіткен, рақаттандырған, қинаған, мазасын алған. Не тыныштық берген нәрсенің бәрін де лирика өзінің заңды еншісіңдей қабыл алмақ .
    Академик Қ.Жұмалиев пікірінше; «Лирика - өмір құбылысына ақынның көз-қарасы, түсіну, сезімі, күйініші — сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да кейде қоңыр күйі де көрінеді».


















    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет