Принцип түрлері:
Ғылымилығы
Бір ізділігі және жүйелілігі
Саналылық және белсенділік
Теория мен практиканың байланысы
Көрнекілік
Оқушылар білімінің беріктігі
Түсініктілік
Ынталандыру
Ізгілендіру
Проблемалық
Интеграциялық
Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз- құбылыстық мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
Педегогиканың,психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау.
Индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану.
Жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау.
Ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру.
Жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу.
Оқушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі мен қызметімен таныстыру.
Жаңа ғылыми терминологияны қолдану.
Оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру.
Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
·Оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет- ретімен түсіндіру.
·Оқыту мазмұнындағы,тәсілдеріндегі жүйені бұзбау.
·Пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану.
·Оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету,
·Бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру.
·Өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру.
·Материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу.
·Оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау.
·Баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |