1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Оқыту принциптері және олардың жіктелуі



бет41/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134
емтихан

Оқыту принциптері және олардың жіктелуі.

Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгеціне сүйену керек.
Дидактиканың заңдылықтарының ерекшелігі – оқыту процесінің бөліктері- оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
2.Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Принцип- латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі- табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоции оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудың халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың тұғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын талаптар» - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е. Гмурман ұсыған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудың принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталады.
Оқыту принциптерін аталған педпгогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.
Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болдаы. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ержелер арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет