1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі



бет61/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134
емтихан

Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі

Жоспар:

  1. Бақылау әдісінің жалпы ерекшеліктері және оны зерттеу мүмкіндіктері.

  2. Дидактика мәселелерін зерттеу әдістерінің бақылауымен байланысы.

  3. Бақылау жүргізудің және ұйымдастырудың ерекшеліктері.

1.Бақылау-тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.
Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:
а) теориялық зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
б) теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шыншылдығын тексеру.
Бақылау әдісі-ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарлы қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.
Бақылаудың негізгі міндеті-тәжірибе мәселелеріне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.
Алайда,бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды.олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес,дәлелсіз,көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымның міндеттері-осы кемшіліктері жеңу,педагогикалық білімді тереңдету,нақтылау,дәлелдемелі қылу,себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.
Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты,қайталанбалы,біржолғы болып бөлінеді.
Тұрақты бақылау,мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде,кейбір пән бойынша сабақты қамтиды;қайталанбалы-белгіленген мезгіл аралығында,біржолғы-бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.
Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса,екіншісінде,оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзі емес,тек оның нәтижесі бақылауға түседі.
Бақылаудың қосылған түрі болады,мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады,яғни «сырттан» (инкогнито). Сонымен қатар тұтас,таңдамалы түрлері болады.
2.Оқушылардың тәртібін,олардың қылықтарын, ұстаздардың жұмысын,олардың тәрбиеленушілермен өзара қатынастарының ерекшеліктерін бақылай,зерттеуші құндылығы көзбен көрген адамның әңгімесімен,құжатты жай хабар алумен салыстыруға келмейтін материалдар жинастырады. Әсіресе,күрделілігі мен әр түрлілігі басқа тәсілдерімен тепе-теңдігін қиындататын тәрбие құбылыстарын зерттеу кезінде бақылау әдісінің қасиеті ерекше дәлелді көрінеді. Дидактика мәселелерін зерттеуші оқу үрдісі мен ондағы болып жатқан құбылыстарымен ісі болады. Алайда,педагогикалық үрдістің тұтастығын құрайтын оқыту мен тәрбиенің,синтезін есте ұстау қажет.
Оқыту үрдісін зерттеу дидактикалық құжаттардың қайнар көзін оқу әдісі,сұрау әдісі сияқты басқа да әдістермен бақылау әдісінің өзара байланысын қолданады. Мысалы,бақылау педагогикалық тәжірибеге жол ашады,егер бақылау деректері оның ойынша қайшылықтарды көрсетсе,ол тез арада тоқтатылуы тиіс.
Дидактикадағы бақылау бірқатар ерекшеліктерге ие болады. Дидактикадағы бақылаудың ерекшелігі зерттеу нысанының өзіндік қасиеттерімен өзгешеленеді. Ең алдымен бақылаушы тірі нысанмен іс жүргізеді. Сондықтан оқушылар әрқашан мұғалім жоспарына сәйкес өздерін ұстамайды. Бақылаушы көз алдындағы педагогикалық үрдіске қатысушылар «қадағалауда екенін» түсінгендіктен,немқұрайлы қарамайды.
Сонымен қатар бұл әдістің кейбір шектеулігін атап өткен жөн. Оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары үрдісін бейнелеу қандай толық болса да, оның көптеген жақтары бақылаудан тыс қалады.
3.Бақылауды ұйымдастарумен өткізу ерекшеліктері:
А.Бақылау белгілі бір мақсатты ұстауы тиіс.
Б.Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуі қажет;
В.Зерттелетін белгілердің саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;
Г.Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргізілуі тиіс;
Д.Қайта бақылауды тең уақыт жиілігінен кейін өткізу керек;
Е.Түрлі бақылау жолдары арқылы алынған мәліметтер салыстырмалы болуы қажет.
Бақылауға дайындық және өткізу жолдары:
А. Нысан таңдау, бақылау мақсаты мен міндеттерін қою;
Б. Жоспарын жасау;
В. Бақылау құжаттары мен жабдықтарын дайындау
(нұсқаулар, хаттамлар, жабдықтақтар);
Г. Бақылау деректерін жинау (жазбалар,хаттамалар,кестелер және т.б.)
Д. Бақылау нәтижелерін рәсімдеу;
Е. Бақылау нәтижелерін талдау;
Ж.Бақылаушының теориялық және тәжірибелік қорытындылары.
17



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет