Қайта жасау қиялы адамының өткен тәжірибесіндегі болған образдарды қайта елестетіп, сөз тітіркендіргіштеріне байланысты туады. Қиялдың бұл түрінің тууы үшін сөз тітіркендіргіштердің ролін суреттеу, сурет, сызбалар, нота сияқтылар да атқаруы мүмкін. Қайта жасау қиялының міндеті-жаңа объекті жасау емес табиғаттағы бар затты, өзі нақты қабылдамағанмен сол қалпында қайта елестету. Қайта жасау қиялы – адамның дүние таным өрісін кеңейту үшін керекті психикалық процесс. Қайта жасау қиялы оқыту жұмысында маңызды орын алады.
Қиялдың ең жоғарғы түрі-шығармашылық қиял. Шығармашылық қиял деп- өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа зеттарды беруді көрінетін қиялды беруді атайды. Жазушының, суретшінің, ғалымының, сазгердің қиялы шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял қайта жасау қиялына қарағанда, ір күрделі, әрі қиын. Шығармашылық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қиялдың бұл түрі , әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда » мұғалім шығармашылық қиялсыз әсер етсе, жақсы нәтижеге ие болмас еді.
Арман деп келешекке әрекеттенген, болашағына бағытталған қиялды атайды. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі – арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман-шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Арман өмір жолында кездескен қиыншылықтарды адамның жеңуіне оны итермелейді, рухтандырады, шабыттандырады, қуаттандырады. Арман бос қиялдаумен еш жанаспайды. Арман-қиялдың ерікті, белсенді, саналы түрі.
Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары, оған қойылатын талаптар.
Оқушылардың жазбаша тiл дамыту жұмыстарында шығарма, эссе, реферат, баяндама үлгiлерi, түйіндеме, хабарлама, жазбаша монолог, жазбаша диалог, хат, репортаж, ремаркаларды, т.б. үнемi жүргiзiп отыру көзделедi. Жазбаша жұмыстар оқушылардың сауаттылығы үшiн де, алған бiлiмдерiн тексеруде де қолайлы болып келедi. Жазбаша жұмыстар ойлау еңбегiне дағдыландырады, қосымша материалдарды пайдалану машықтарын жетiлдiредi. Тұтастай алғанда, жазба жұмыстары оқушыларды ойлай бiлуге, iзденiске, шығармашылыққа жетелейдi. Мектептік жүйедегі қазақ әдебиетiн оқытудың қазiргi озық әдiстерiн жеке өзiнiң ұстаздық тәжiрибесiмен де, ғылыми зерттеу жолымен де зерделеп, жүйелеп ұсынған ұстаз-ғалым Қ.Бiтiбаеваның оқушыларды шығарма жазуға үйрету жолдарын анықтауында шығарма жұмысының тұлға дамытушылық мәнi де, тiл дамытушылық қызметi де үлкен. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттарын әдіскер-ұстаз былайша сараптайды:
1. Оқушы бiлiмiн бақылау, бiлiм деңгейiн тексеру.
2. Жазбаша көркем тiлiн дамыту, теориялық бiлiмдерiн практикалық жұмыстарда пайдалана бiлу.
3. Өз беттерiмен iздену, өз пiкiрлерiн салыстыру, қорытынды жасай бiлу арқылы ойлау еңбегiне дағдыландыру.
4. Оқушылардың қабiлетi, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып бiреу болса да, әр оқушы оны өзiнше жеткiзедi, яғни тiлдiк көрсеткiшi сол көркем туындыны не кейiпкердi қабылдау дәрежесiне байланысты. Ғалым-әдiскерлер, iзденімпаз мұғалiмдер iс-тәжiрибесi бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) Публицистикалық шығармалар. Оған: очерк, фельетон, мақалалар, пiкiрлер жаздыру жатады.
2) Шығармашылық бағыттағы шығармалар: Бұған әңгiме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады (әдеби жанрларды басшылыққа алады).
3) Ғылыми-зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған: реферат,ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пiкiрлер жатады.
4) Әдеби тақырыптарды қамтыған, бiлiм дәрежесiн, тiл байлығын тексеруге арналған шығармалар.Тақырыптың ауырлығына, жеңiлдiлiгiне, оқушылардың жас ерекшелiгiне, сыныбына, дайындығына байланысты шығарма жазудың уақыты белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |