1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Кейіпкерлерге мінездеме беру. Көркем мәтінді талдау кезінде кейіпкерлерге мінездеме берудің мәні



бет59/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   134
емтихан

Кейіпкерлерге мінездеме беру. Көркем мәтінді талдау кезінде кейіпкерлерге мінездеме берудің мәні.

Көркем мәтінді талдау кезінде кейіпкерлерге мінездеме берудің мәні үлкен. Әрбір мінездеме мәтіннің өзінен тудыра талданады. Оқушылар кейіпкердің бір сипатын атап, соған мәтіннен дәлел келтіреді. Сөйтіп, мінездеменің жоспары айқындалады немесе мінездеме жоспарын алдымен жасап алып, оған мысалдар тапқызуға болады. Мұндай жұмыс түрлері үйрету, бірлесіп талдау сабақтары үшін қажет.
Кейіпкер мінезінің әрбір сипатын аша отырып, олардың әрқайсысына атау беріледі. Оқушылардың осылайша талдау тәжірибесі орныққан соң, мінездеме жоспарын жасауды үйге беруге болады. Ол сыныпта талданып, толықтырылады. Осыдан соң мұғалімнің көмегімен, оқушылар образ табиғатын, автор суреттеуін қалай түсінгенін айтады.

Кейіпкерлер кезекпен мінезделген соң, өзара салыстырылады. Мұғалім алдымен оқушылардың жасап келген мінездеулерін оқытады, оларды бір‑бірімен салыстырады.


Зерттеуші Б.Сманов “Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемелік еңбегінде көркем бейнені талдаудың мынадай тәсілдерін көрсетеді:
Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;
- Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;
- Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;
- Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу.
Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты. Мәселен, лирикалық шығармаларда кейіпкер кейде тікелей көрінсе, кейде ақынның ойы көңіл‑күйі, бейнесі арқылы беріледі. Мысалы, Абайдың “Адамның кейбір кездері”, “Өлсем орным қара жер сыз болмай ма” өлеңдерінде екі заман шендестіріледі. Оның кейіпкері – ақын және заман. Сол сияқты ақынның “Адамның кейбір кездері” өлеңінде сөз өнері, өлең, ән туралы мәселе қозғалады. Бұл өлең арқылы Абай поэзияның, сөз өнерінің міндетін айқындайды, ақындық шабыттың сыры, қуаты туралы тебірене ой толғайды. Ақын өмірдің сәулелі, нұрлы жағымен қатар, көлеңкелі жағын да сынға алады. Зұлымдық пен надандық жайлаған заманның жағымсыз сипатын ызалана ашады, шенейді.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл.
Мұнда ақын‑кейіпкер ішкі ширыққан көңіл‑күйін, сөздің алмастай өткірлігін береді. Осыған байланысты мынадай жоспар беруге болады,
1) ақын толғанысы.
2) заманға көзқарасы.
3) надандықты шенеуі.
4) сөз қуатын дәріптеуі.
Сол сияқты, С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы” өлеңінде лирикалық кейіпкердің асқақ ойы, халқына деге шексіз сүйіспеншілігі беріледі:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам.
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кіремін
Қазақ ақынының халқының жағдайын қапысыз таныған сергек санасы, асқақ ой‑мұраты танылады. “Көк” қазақтың кие тұтқан дүниесі. Аспан көгіндегі күн сәулесі тіршілікке қалай нәр берсе, ақынның да арманы халқына жарық әкелу, қараңғылық шырмауынан босату, еңсесін көтеру. Осы жолда ақын‑кейіпкердің аңсар‑тілегі‑халықты ояту, жаңалыққа бастау. Мұндай асқақ арманды осы тұста Мағжан да, Міржақып та айтты. Олардың халықты ағарту жолындағы еңбектері сан салалы еді. Көркем шығарма арқылы, публицистикалық мақалалары арқылы, қоғамдық қызметтері арқылы ат салысты.
Алдыңғы дәрісте зерттеуші Б.Смановтың “Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемелік еңбегінде көркем бейнені талдауда:
- Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;
- Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;
- Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;
- Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу тәсілдері қарастырылған. Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты екендігін меңгергенсіңдер. Бүгінгі дәрісте кейіпкерге мінездеме берудің түрлері мен жоспар құру қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет