1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет57/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134
емтихан

Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс.
Ол үшін сабақ мақсатында барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі, кейбір оқушылар деп анықтап, Блум таксономиясы деңгейлері арқылы сабақ мақсаты жазылады. Мысалы,
Барлық оқушылар: Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан, мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.



  1. Бағалау критерийлері (күтілетін нәтиже)

Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі болып табылады.
Бағалау критерийлері оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады.
Мысал келтірейік. 1-сынып математикасындағы «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» мақсаты бойынша мынандай бағалау критерийлерін келтіреді: «Білім алушы геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш) бір бірінен ажыратады және атайды».

  • Сабақ барысында түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет