1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Фонетиканы оқыту әдістемесі. Орфографияны оқыту әдістемесі



бет71/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   134
емтихан

2.Фонетиканы оқыту әдістемесі. Орфографияны оқыту әдістемесі.




5-сыныпта:дыбыс, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, үндестік заңы, мәндес сөздер, қарсы мәндес сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, тура мағыналы сөздер ауыспалы мағыналы сөздер.


6-сыныпта: екпін, сөз екпіні, дыбыс екпіні, дыбыс екіпіні, тіркес екпіні, ой екіпіні.
7-сыныпта: үндестік заңы, буын үндестігі, дыбыс үндестгі, инт онация, кідіріс, логикалық екпін,
8-сыныпта: интонация, әуен, қарқын, кідіріс, тембр,
Орфография (грек сөзі) «дұрыс жазу» деген мағынаны білдіреді:
1.Жазба түрін пайдаланған біркелкі жазудың тарихи қалыптасуының жүйесі.
2. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфографиялық ережелер жүйесі айқындайтын мәселелер: дыбыстарды әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріптерді пайдалану, тасымалдау.
Орфография және орфоэпиялық дағды қалыптастыру жолдары
Емле мәселелері(орфография) сөздердің дұрыс жазылуын белгілейтін, сауатты жазуға үйрететін қазақ тілі оқытудың аса маңызды саласына жатады. Әрбір грамматикалық тақырыптарына байланысты мұғалім оның емлелік жақтарын, жазу сауаттылығын айқындап алуы керек. Ал емлені меңгертудің мынадай кезеңдері бар: емлені тани білу, ол емле ережелерін жазу жұмыстарында пайдалану, еркін меңгертіп, дағдыларының автоматтануы.
Сауатты жазуға үйретудегі қолданылатын әдіс- тәсілдер жазу жұмыстары: 1.Грамматикалық орфографияның талдау жұмыстары: мұнда мұғалім емле ережесін, соған байланысты сөздердің жазылуын түсіндіреді, дәлелдейді, өз бетімен жаттығулар орындатады. Жаттығулар түрліше болуы мүмкін. Олар тақырыптың ерекшелігіне қарай белгіленеді.
2. Көшіріп жазу жұмысы. Оның өзі әртүрлі болады. Мысалы: көшіру, теріп жазу, сөздердегі әріптің астын сызу т.б. Оқушыға емлені меңгертуде қолданылатын жазу жұмыстарының бір түрі - жатқа жазу. Бұл көшіріп жазуда қоданылады. Оқушы жеке сөзді әріптен қалай тұтас кезінде есінде қалдырып жазылады. Жатқа жазу оқушының есте сақтау қабілетін дамытады. Жатқа жазуға диктант түрлері де жатады. Оқушының білімін тексеру маңыздылығы бақылау диктанты тәрізді жазу жұмысын да оқушының білген емле ережелерін қолданып дұрыс жаза білуге ойланып жазу мен жатқа жазу дағдысына айналдыруға болады.
Оқушылардың емле ережелерін меңгеріп, оны жазу жұмыстарында дұрыс қолдана білу үшін түсінік жұмысының маңызы зор. Мұғалім грамматикалық құбылыстардың ерекшелігін өзі жақсы түсініп, олардың өзара байланысын байқап, бірте-бірте күрделі дамуын ескереді. Жазу жұмысына негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, кейін қорытынды шығарылуы тиіс. Ережені құрғақ жаттаудан аулақ болу қажет. Егер оқушы емле ережесіне байланысты жеке бір сөздің жазылуын, қосымшаның жалғануын дәлелдей алса, ол оқушының емле ережесін меңгергендігі болып табылады. Ереже жалпы түсінік, жалпы нұсқау болып табылады, оқушылар жеке сөзді емес, белгілі бір топтағы сөздердің жазылуын көрсетеді. Сондықтан дұрыс жазуға үйрету үшін аналогия арқылы жазудың маңызы зор. Аналогия ұқсас, сәйкес жағдай дегенді білдіреді. Оқушының дұрыс жазуға үйренуінде сөздердің дыбыс құрамын, буын жігін талдатып отырудың маңызы зор. Оқушыларды орфографияға дағдыландыру мүмкіндіктері:
1)ережені таныту үшін мысалдар береді, талдайды, ережені айтқызады;
2)сөйлемдер алып, емле ережелерін еске түсіре отырып түрлі жазу жұмыстарын орындайды;
3)өздеріне мысалдар іздеттіреді.
Оқушының орфографиялық ережелерді меңгеріп, оларды дұрыс қабылдай білуіне мүмкіндік жасайтындай жаттығулар оқулықтарда жеткілікті берілген.
Емле ережесін талдап түсіндіргеннен кейін әуелі ауызша жаттығу орындатып, содан соң жазбаша жаттығулар орындатылады. Қорыта келгенде, емле ережелеріне байланысты нақтылы мақсат пен жүйелі түрде жаттығулар орындау арқылы оқушылардың жазу дағдыларын, сауаттылығын, ойлауын, сөйлеу тілі дамиды. Демек, жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың нәтижесін шығарып қорытудың емле ережелерін меңгеруде мәні өте зор.
Орфографияны үйрету – біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл мен ойлаудың бірлігімен жүзеге асырылады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ЕМЛЕЛІК (ОРФОГРАФИЯЛЫҚ) ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТУ ӘДІСТЕРІ
Оқушылардың жазу жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды орындауы керек:
1. Мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсетуі керек.
2. Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуы тиіс. Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушының қателерін тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналылықпен түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесіне бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.
3. Емлелік қателерді түзеткен кезде мұғалім әр оқушының психологиялық және жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық сауаттылық дәрежесін еске алуы қажет. Бұл жағдай қателерді түзетудің дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
4. Емлелік қателерді түзеткен кезде орфографиялық қатенің ерекшелігін еске алу керек.
5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі тиіс. Түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның іскерлігін, қабілеттілігін арттыруға көмектесуі тиіс.
6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға белгілі бағыт көрсететіндей болуы тиіс.
7. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушылардың орфографияны түсінуге деген белсенділігін арттыруы керек. Жұмыстың табысты болуы көп жағдайда осыған байланысты.
8. Мұғалім емлелік қателерді түзетуде жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге бірте-бірте өту принциптерін сақтауы керек.
Қорыта келгенде, оқушылардың емлелік қателерін түзету тәсілдері мынадай болуы тиіс:
Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы: калхоз, енбек, сех, бүгүн, мазмын.
Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ, ыстанция, минута, газета.
Үшінші тәсіл. Қателесіп, бөлек жазылған сөздерді біріктіріп қосу. Мысалы: баспа сөз (баспасөз), еңбек ақы (еңбекақы), шек ара (шекара), ден саулық (денсаулық).
Төртінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы: еге білсең, уақытта, жерде, суда жетеді.
Мұндай тәсілдердің кейбір артықшлығын атап көрсету керек.Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар жіберген емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздердің жазылуында қате жібермейтіндей есіне сақтайды, оынң сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана қоймайды, кей уақытта сөздің мақмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігінде айқындайды.
Бесінші тәсіл: Бүкіл қате морфеманың астын сызу. Мысалы: айтпайяқ (айтпай-ақ), алтақ (алты-ақ), башшлық (бас-шылық).
Бұл тәсілдің басқа тәсілдерден айырмашылығы бар, мұнда оқушылар өздерінің емлелік қателернің дұрыс еместігін сөз тұлғасымен салыстырып, талдау жасаумен байланыстырады. Ал оқушы әсіресе сөз құрамын білмегендіктен көп қате жіберетіндігі мәлім, олай болса, бұл тәсілдің орфографияны меңгерту үшін зор маңызы бар.
Екінші жағынан, бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық талдау жасауды үйренуіне да көмектеседі. Мысалы, оқушы қате жазылған басшылық (башшылық) деген сөзді талдаған кезде, оған грамматикалық талдау жасап, сөз тұлғасын ажыратады. Сөйтіп, ол әлгі сөзді қате жазғанда, нені шатастырғанын саналы түрде түсіне білетін болады. Мектеп тәжірибесінде бүкіл қате морфеманын астын сызу тәсілін – мақсатқа ең қысқа жолмен жеткізетін таңадулы тәсілдердің бірі деп білу керек.
Алтыншы тәсіл. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу. Мысалы: сембеді (сенбеді), дәстір (дәстүр).
Жетінші тәсіл. Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен әріптің асытын сызу. Мысалы: құлұн (құлын), мазмын (мазмұн), ақшыбар (ақшұбар).
Сегізінші тәсіл. Қате жіберілген сөздің астын түгелдей сызу. Мысалы: аты адам (атты адам), ойн (ойын), айлану (айналу), бұхара (бұқара), әжептәуір (әжеп-тәуір). Мұғалім бұл тәсілді оқушы сөз не әріп тастап кеткен кезде немесе оларды артық жазған кезде қолданады.
Тоғызыншы тәсіл. Сөздердің астын сызбай-ақ, дәптерлердің шетіне шартты белгі қою. Бұл тәсілді 5-6 сыныптарда қолданып қоймай, сонымен қатар төменгі сыныптарда да қате аз болған жағдайда қолдануға болады. Қойылатын шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс. Көптеген мұғалімдердің бұл тәсілді қолданбайтындығын, оны балалар үшін қиын деп есептейтінін байқап жүрміз. Ал кейбір мұғалім мұндай белгі қою тәсілін қолданғанда, оны дұрыс қоймайды, сондықтан оқушылар ол белгілерді түсінбейді. Мұның өзі жұмысқа үлкен зиянын тигізеді. Бұл жерде ескертін мәселе оқушылардың дәптерлеріне мұғалімнің жасаитын түзетулері мен ескертулер түрі жағынан балаларға айқын көрінетіндей қызыл не жасыл түсті сиямен жазылуы керек. Мәселен, емле қатесі үшін екі сызық (-), бірге жазылуға тиісті сөздерді айшықпен тізбектеу (II), бөлек жазылуға тиісті сөздерді теріс түсірілген (!) белгімен бөлу, түсініксіз сөздердің тұсына сұрау (?) қою т.б. осы сияқты шатты белгілерді пайдалануға болады.
Оныншы тәсіл. Дәптердің шетіне қате кеткен айтылуы ұқсас, емлесі басқаша сөздерді жазып көрсету. Мысалы: қазір жаз ба? Сен кітапқа жазба! Сен менің аяғымды баспа! Мынау бас па?
Он бірінші тәсіл. Дәптердің шетіне қате жазылған кейбір емлесі қиын, жазылуында әліде болса тұрақтылық жоқ сөздерді жазып көрсету. Мысалы: нысап (ынсап емес), жирену (жиіркену емес), жаздыгүні (жаздыкүні емес).
Он екінші тәсіл. Жергілікті жердегі халық тілінің ерекшелігіне байланысты, солардың айтуынша жіберілген қатенің астын иректеп сызып көрсету керек. Мысалы: мұрша (мұрса), дүз (жүз), тұрмыш (тұрмыз), одар (олар) т.б.
Бұл тәсілдің мақсаты – балаларды әдеби нормада сөйлеуге үйрету және әдеби көркем жазуға баулу болып табылады. Ол үшін дәптердің сонғы екі-үш беті қара қарындашпен ортасынан сызылып, екіге бөлінеді. Оның сол жағында жергілікті жердің халқы айтатын жергілікті сөз – диалект, ал оң жағына халықтың әдеби тіл нормасында айтылатын сөздер жазылуы керек. Бұл, біріншіден, халық тіліндегі түрлі ерекшеліктер мен айырмашылықтардың білудің өте маңызды жолы болып есептеледі.
Он үшінші тәсіл. Емлелік қателердің астын сызып, дәптердің шетіне қате жіберген ережені оқушылардың өздері анықтауына көмектесетіндей сұрау қойылады. Мысалы: Ол бұрылған жоқ. Ар жағындағы біреуге беталды айқайлады (қалай?). Асан алыс жүруге бет алды (не істейді?). Ол шалқасынан жығылды (қалай?). Ол шал қасынан өтіп барады (қайдан?).
Он төртінші тәсіл. Қате жазылған сөздің үстінен арнаулы белгі қою. Бұл – орфографиялық сөздіктен қажетті сөзді табу керектігін білдіреді. Мұндай арнаулы белгі мынандай болады; «сөздік».
Сонымен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді мұғалім іскерлікпен, орфографиялық қателердің сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланып жұмыс жүргізсе, сауатты жазуға үйрететіні сөзсіз.
Мұғалімнің бір ғана тәсілді пайдалануы жеткіліксіз. Ыңғайына қарай барлық тәлісдерді қолданғаны жөн. Жапа-тармағай тәсілдердің бәрін қатар қолданғаннан да мұғалім ұтпайды. Керісінше, бір тәсілден екінші тәсілге бірте-бірте көшіп отырған жөн. Осылай еткенде ғана оқушыларды өз ісіне ұқыптылықпен қарауға үйрете алады.
Орфография мектеп бағдаламасында 6-9 сыныптар аралы,ында қарастырылады.
6-сыныпта: сөздердің орфографияғы сай жазылуы, бірге жазылатын сөздер, бөлек жазылатын сөздер т.б.
7-сыныпта: Үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі.
8-сыныпта:Бас әріппен жазылатын күрделі атаулар, бас әріппен жазылатын біріккен жалқы есімдер, тіркесті жалқы есімдердің орфографияға сай жазылуы, қосарланған күрделі атаулардың жазылуы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет