1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


«Педагогикалық технология» мен «өндірістік технология» түсінігі мен мәні



бет72/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
емтихан

3. «Педагогикалық технология» мен «өндірістік технология» түсінігі мен мәні.
Педагогикалық технология педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
«Педагогикалық технология» ұғымы «Оқыту әдістемесі» ұғымынан әлдеқайда кең. Технология «Оқыту мақсаттарына қалай нәтижелі жетуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Технология оқу үрдісінде алдын ала жоспарланғанды практикада жүйелі түрде енгізуге бағытталған. Оқыту технологиясының әдістемеден айырмашылығы оқыту үрдісінің нәтижелілігіне бағытталуында. Педагогикалық технологияны жобалау нақты жағдайға қарай педагогикалық технология жүйесін таңдауды болжайды. Ол жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін білуді, қызмет түрін таңдауды, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай даму кезеңдерін, дайындық деңгейлерін білуді талап етеді
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.
1 Мақсат қою. Мұғалім курстық тараудың көлемінде оқу үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.
2 Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа сəйкес болжау жұмысы болады жəне ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.
3 Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы.
4 Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын жəне уақыт бойынша əр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталады.
5 Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек:
- қарастырып отырған сұрақтарда мүмкін болатын қиындықтар;
- оқушылардың көп жіберетін қателіктері;
- оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тəн шараларының жүйесі.
Өндірістік технологияны өндірісте дайын бұйым алу үшін өндірістік үдерістерде пайдаланатын шикізаттың, материалдың немесе жартылай өнімнің пішінін, қасиетін, күйін өзгерту, оларды даярлау және өңдеу тәсілдерінің жиынтығы деп ұғамыз. Ғылыми мағынада технология- шикізатқа, материалға және жартылай өнімге өндіріс құралдары арқылы әсер ету тәсілдері туралы ғылым. Технология өндірістік және өндірістік емес үдерістерді, ең алдымен басқару үдерістерін автоматтандырумен тікелей байланысты. Өндірістік үрдістің еңбек құралының жай-күйін анықтау және өзгертуге арнайы бағытталған әрекеттерден тұратын бөлігі технологиялық үрдіс деп аталады. Жұмыстардың орындалу тәртібі және түрлері бойынша үрдістер дайындамаларды (құйылмаларды, құрылмаларды, т.б.) дайындау, өңдеу үрдістері (механикалық, термикалық, электр-механикалық және т.б.), құрастыру, дәнекерлеу, көркемдеу, бақылау, сынау үрдістері болып бөлінеді. Технологиялық үрдістер жұмыс орындарында технологиялық құрал-жабдықтар мен саймандардың көмегімен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет