2. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндама жаздыру. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшiн алдын-ала мәтiн дайындайды. Сол әңгiме мазмұнына сай бiрнеше суреттер әзiрлейдi. Нәтижеде мәтiндi негiзгi бөлiктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерiн тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бiр ерекшелiгi, бiрiншiден, сөзден сурет, екiншiден, суреттен сөз тудыру қабiлетi қалыптасады. Яғни, шәкiрттердегi ойлаудың абстракт-логикалық түрiнiң дамуына игi ықпал етедi.
3) Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетiнше сюжет ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұл шығармашылық жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды. Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзiндiк “менiнiң” қабiлетiне қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы “туа бiткен тiлдiк қабiлетiн” ояту. Мұғалiм бұл жұмысты “жеңiлден ауырға қарай жүргiзу” принципi негiзiнде iстейдi.
Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негiзiнде жазып шығады. Атап айтқанда:
а) келесi кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай түзiлген жоспар, әңгiме соңына бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер негiзiнде мазмұндама жаздыру;
ә) аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар негiзiнде мазмұндама жаздыру;
б) соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама жаздыру.
Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
Мектеп бiтiрушiлердiң сауаттылығын, бiлiмiн бағалау үшiн жүргiзiлетiн бақылау диктанттарындағы сөз саны белгiленген нормаға сәйкес болуы қажет.
Мазмұндама мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей болады:
5-сынып – 100-150 сөз; 6-сынып – 150-200 сөз; 7-сынып – 200-250 сөз; 8-сынып – 250-300 сөз; 9-сынып – 300-350 сөз; 10-сынып – 350-400 сөз; 11-сынып – 400-450 сөз.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтiн мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi, тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне, сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар аударылады.
Мазмұндама мен шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi грамматикалық сауаттылығы үшiн қойылады.
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Жоспар құру – оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:
Мазмұндылығы мен идеялылығы.
Ой-пікірінің жүйелілігі.
Стилі.
Грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білуі, сөйлемдерді дұрыс құру сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |