«Жаңа педагогикалық технологиялар»
Жаңа педагогикалық технологиялар.
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған. Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын біртебірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады. «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы; - екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы. «Технология» термині сол тəсілдержүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді. «Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды: - оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы); - нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.) Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы 10 11 педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.). Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген. Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді. Б. Т. Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе, Г. К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады: - ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі; - бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс; - нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау. Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу». В. В. Воронов «педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді. В. М. Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» – десе, М. Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді.
Педагогикалық технология аттары, авторы
|
Мақсаттары
|
Ынтымақтастық педагогикасы
|
- талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту; - балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
|
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы. Амонашвили Ш. А.
|
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу; - баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату; - баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.
|
Ойын арқылы оқыту технологиясы
|
- дидактикалық; - тəрбиелік; - дамытушылық; - əлеуметтендірушілік
|
Проблемалық оқыту технологиясы
|
- білім, білік, дағдыға ие қылу; - өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; - танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамыту
|
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов)
|
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру; - жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту; - оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
|
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы (Лысенкова С. Н.)
|
- білім, білік, дағдынымеңгерту; - мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру; - барлық баланы табысты оқыту.
|
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
|
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; - оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау
|
Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
|
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; - оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
|
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
|
- ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру
|
Оқытудың компьютерлік технологиясы
|
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту; - ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту; - жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.
|
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев)
|
- математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу
|
Өздігінен даму технологиясы (М. Монтессори).
|
- барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту; - балалардың математикаға деген қызығушылығын туғызу. - балалардың бойында дарындыларды тəрбиелеу; - жан-жақты дамыту; - дербестікке тəрбиелеу; - бала санасындағы нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
|
Дамыта оқыту технологиясы (С. Выготский, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков, В. В. Давыдов)
|
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б. қасиеттерді дамыту. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
|
В. М. Манахов технологиясы
|
- оқытудың тұтас технологиясын жобалау; - алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үдеріс туғызу; - мұғалімге нəтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау жəне құру
|
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
|
барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |