Математика дамуының төртінші кезеңі.
Математиканың жаңа салалары дами бастады. Бұл математиканың негізгі мәселелерін жалпы қарастыру кезеңі, төртінші кезең қазіргі математика кезеңі. Есептердің жауаптарын сандық түріде беру үшін 19-20 ғасырда сандық әдістер негізінде математиканың жеке тарауы - есептеу математикасы пайда болды. Көптеген есептердің күрделі сандық шешімдерін ықшамдау және тездетіп шығару үшін электрондық есептеу машиналары, компьютерлер жасалына бастады. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты бағдарламалау теориясы пайда болды. 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап математика ғылымының автоматтар және тиімді басқару теориясы, ойындар теориясы, алгебра, геомертия, ақпараттар теорияс, математикалық экономика, т.б. көптеген жаңа салалары пайда болды. .
3. Виет теоремасын қолданып теңдеудің түбірін табыңыз:
32 билет
Математиканың абстрактылығы.
Абстрактылығы. Нүкте- идеалдастырылған обьект. Материалдық техника табиғаттан әртүрлі материалдардв алып, оларды түрлендіріп біріктіріп адамға практикалық ісінде табиғатты игеру үшін құралдар жасап беретіндей, математика да табиғаттан абстракция арқылы өзінің бірінші ұғымдарын жасап, оларды біріктіріп түрлендіру арқылы табиғатты теориялық игерудің құралын жасайды. Сондықтан математиканы «идеал техника» деп санауға болады.Математиктер өздері жаратқан абстракт ұғымдарға әрқашан операциялар жүргізіп, олардың кейбір қасиеттерін табады да, кейін ол қасиеттерді, нәтижелерді реал дүниеде қолданады.Математиканың абстрактылығы оның мүмкіндігінің сарқылмайтындығының кепілі.
Математика жөнінде поляк математигі Ян Снядецкий (1756-1830) «Математика –ғылымдар патшасы. Оның сүйіктісі –ақиқаттығы, тағы мен тәжі –қарапайымдылығы мен анықтығы» деген.
2. Математика және көркем әдебиет. Омар Хаямның шығармалары туралы
Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Сол кездегі, оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048 жылы) туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаүурдың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мұхаммед Мансур дарынды Хайям өз бетімен де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеу-лері мен зерттеулеріне қарағанда Хайям ұлкен мате-матик болған. Халық астрономиясының негізін салған. Оның математикадан жазған басты-басты екі еңбегі сақталған, оның бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есеп-терінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі-Евклид кітабын-дағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдыңғысында алгебра, соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мыңбай Ысқақов.
''Қатынастарды құру және оларды зерттеу'' туралы кітабында шамалардың рационал және ирроционал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттілігін дәлелдеді. Омар Хайям еңбек-теріндегі жаңалықтарды Насреддин Туси т. б математик-тер қолдап дамытты. Алтын мен Күмістен тұратын заттар-дың мөлшерін анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Хайям музыка теориясымен де шұғылданды.
Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның фило-софиялық көзқарасын ұстады. Жаратушыны мойын-дағанымен, өмір-тіршілік құбылыстарының өзара байла-нысатын өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда түсін-діреді. Ол философиялық көзқарастарын мына төменгі еңбектерінде тұжырымдады: ''Болмыс және Борыш туралы трактат'', ''Үш сауалға жауап'', ''Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде'' т. б. философиялық шығармалары мәлім.
Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың (Рубайдың) авторы ол ''өмір мен өлім'', ''Жақсы мен жаман'', '' Жастық пен кәрілік'', ''Қанағат пен озбырлық'', ''Махаббат пен зұлымдық'', ''Құштарлық пен тақуалық'', парқын төрт жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт тағандары - адам өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік пікірлерге құрылған өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік құбылыстарына қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға көз-қарасы айқын көрінеді. Ол жеке бастың азаттығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырады. Ақын өлең-дерінде шарапатты дәріптеу, сауық-сайран, махаббатты қызықтыру едәуір орын алады.
.
3. Ежелгі Мысыр тәсілімен 14 х22 көбейту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |