Ортаңғы топ:
Мақсаты: инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Міндеттері:заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануда қуана білуге, өзіне сенімділікке баулу; түрлі балалар әрекеті барысында ұстау және көру арқылы қоршаған орта заттары мен құбылыстарын зерттеу арқылы олардың санын, пішінін, шамасын, кеңістікте орналасуын, мерзімін ажырату; командада жұмыс істей білуге дағдыландыру; көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.
Математика негіздері .Сан.«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «Қанша» сұрағына жауап беру.
Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру. Шама Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу. Геометриялық фигуралар. Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.Кеңістікті бағдарлау. Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
Достарыңызбен бөлісу: |