1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті



бет7/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

Мектеп алды даярлық топ.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту. Міндеттері: танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;
зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту;
балаларды зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін өз әрекетінің алгоритмін жасауға баулу;
математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.
Математика негіздері. Жиын.
Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Сан және санау.
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.
10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.
Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.
Шама. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.
Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет