1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Кеңістікте бағдарлауға арналған ойындар мен ойын жаттығулары



бет4/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

2. Кеңістікте бағдарлауға арналған ойындар мен ойын жаттығулары.
Ойын: «Оң жақта»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Жасы: 3,5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: әртүрлі ойыншықтар
Ойын барысы: балалар кілемді жағалай отырады. Кілемнің барлық жағында 5-6 ойыншықтан орналасқан.
1 нұсқа: педагог балалардың оң қолдарын көрсетуін өтінеді. Кейін бір балаға ортаға шығып оң жағында қандай ойыншықтар тұрғанын атауын сұрайды. Ойын барысында келесі балалар да ойыншықтарды атайды, бірақ әр бала өз бағыттарын өзгертіп тұрады.
2 нұсқа: педагог не бала бір қатарда тұрған ойыншықтарды атап шығады да, кілемнің ортасында тұрған баладан оның оң жағында қандай ойыншықтар барын атауын өтінеді.
3 нұсқа: педагог бір баладан өзі атаған қатардағы ойыншықтардың (ойыншықтар атауын атайды) оң жағында орналасындай тұруын өтінеді.
Ойын: «Керісінше айт»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Жасы: 2, 5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: доп
Ойын барысы: педагог балаға допты бере отырып, бір кеңістік бағдарының атауын атайды. Допты алған бала педагогқа кері бағытты атай отырып, допты кері қайтаруы керек. Мысалы; оң – сол, жоғары – төмен, алдында – артында, т.с.с.
Ойын: «Қайда екенін тап...»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру
Жасы: 3,5-5 жас аралығы
Қажетті заттар: Топтағы заттармен.
Ойын барысы: балалар ортада шеңбер жасай тұрады. Педагог әр баладан оның сол жағында, оң жағында, артында, алдында кім барын және не орналасқанын сұрайды. Әр дұрыс жауап үшін балаларға фишка беріледі. Фишкасы көп бала жеңімпаз атанады.


3-билет
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша, түрлі жас ерекшелік топтарындағы математикалық білім мазмұнының ерекшеліктері
Кіші топта:
Мақсаты танымдық қызығушылықтарын, білуге ​​құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын дамыту.
Міндеттері:қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; түрлі сенсорлық әсерлермен байыту; қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту; заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өзбетінше зерттеу.
Сенсорика
Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.
Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өзбетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет