1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті



бет8/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

Геометриялық фигуралар Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өзбетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.
Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.
Кеңістікті бағдарлау. Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
Уақытты бағдарлау. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық білімдерін қалыптастыру жұмысының мазмұнын сипаттайтын постер құрастыру.
Жоғарыдағы ақпарат бойынша постер құрау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет