1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Проферменттер. Олардың активтену процесі /трипсиноген және трипсин/



бет4/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
биохимия ответы

5. Проферменттер. Олардың активтену процесі /трипсиноген және трипсин/.
Проферменттердің активті түрге (ферментке) айналуын физиологиялық жəне биохимиялық жағдайлар реттейді. Проферменттің активтену процесі былай болады: пептидтік байланысты үзу арқылы профермент молекуласынан бір пептид немесе бірнеше пептид бөлініп ажырайды, осының нəтижесінде ферменттің керекті конформациясы қалыптасады жəне оның активті орталығы ашылады. Активсіз түрден активті түрге айналу механизмі əртүрлі. Активті топтары парализатормен (ингибитор) байланысқан кейбір ферменттер, сол тобы ыдырағанда активті түрге айналады. Мысалы, активсіз пепсиноген немесе трипсиноген, полипептидті табиғаты бар ингибитордан бөлінгенде, активті пепсин мен трипсинге айналады. Трипсиноген, химотрипсиноген ұйқы безінде синтезделеді де, он екі елі ішекке барады, сол жерде екеуі активтенеді. Бұл кезде трипсиногеннің N- соңынан гексапептид (Вал-Асп-Асп-Асп-АспЛиз) ажырап бөлінеді жəне трипсин ферменті пайда болады.

6. Ферменттердің гидролаз және трансфераз кластары. Маңызды өкілдері.
Трансферазалар – бір субстраттан (донор есебінде) екінші бір субстратқа (акцептор ретінде) əртүрлі топтарды тасымалдайтын ферменттер. Мысалы, глицеринкиназа глицеринді фосфорилдеу реакциясын катализдейді. Тасымалдайтын атомдар тобына қарай фосфотрансфераза, аминотрансфераза, ацилтрансфераза, т.б. болып бөлінеді. Фосфотрансферазалар фосфор қышқылы қалдықтарының көшуін катализдейді: Фосфор қышқылы қалдықтарының доноры негізінде АТФ болады. Фосфотрансферазаның өкілі – гексокиназа.Əртүрлі киназалардың əсер етуі нəтижесінде ағзада көп теген фосфорилденген қосылыстар синтезделеді. Трансфераза класы 8 топшадан тұрады.

Гидролаза – суды қосып алудың нəтижесінде субстраттарда байланыстың үзілуін немесе ажырауын катализдейтін ферменттер.
СН3 СOO – CH2 – CH3 + H2 O CH3 СOOH + CH3 CH2 ОН
Гидролаза ферменттер тобына: эстераза, липаза, гликозидаза жəне протеиназа жатады. Ферменттік реакция тек су дың қатысуымен жүреді. Гидролаза класы бірнеше тармаққа бөлінеді. Мəселен, эстеразалар күрделі эфирлердің гидролизін катализдейді. Липаза майлардың гидролизін тездетеді. Фосфатаза фосфорлы эфирлердің гидролизін тездетеді. Пептидаза белоктар мен пептидтердің пептидтік байланыстарын гидролиздеуді тездетеді. Амилаза крахмалды, гликогенді, мальтоза қантына дейін ыдыратады. Пептид-гидролазалар пептидтік байланыстың гидролизін тез детеді, бұл топқа протеиназалар немесе пептидил-пептидогидролазалар жатады. Бұл ферменттер байланыстардың ыдырауын гидролиздейді. Протеиназа ферменттерінің өкілдері - пепсин, трипсин, химотрипсин. Бұл ферменттер активті емес профермент күйінде пайда болады: пепсиноген, трипсиноген жəне химотрипсиноген. Гидролаза класы 11 топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет