1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Ферменттердің лиаз және лигаз /синтетаз/ кластары. Маңызды өкілдері



бет6/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
биохимия ответы

8. Ферменттердің лиаз және лигаз /синтетаз/ кластары. Маңызды өкілдері.
Лиазалар – субстраттан химиялық топтардың судың қатысуынсыз бөлінуін қамтамасыз ететін ферменттер. Лиаза ферменті катализдейтін реакцияға мысал:

Лиазалар класының 7 тобы бар, бұлар алмасу процесінің синтезі мен ыдырауын жүргізетін ферменттер.
Лигаза (синтетаза) - байланыстардың энергиясын пайдалана отырып, екі молекуланың қосылуын катализдейтін ферменттер. Синтетаза катализдейтін реакцияларда энергия көзі ретінде АТФ есептелінеді. Бұған көміртегі мен оттегі молекулаларын, күкірт пен азот немесе қос көміртегі молекуларларының байланыстарын түзуші (- С – О -) (-S – N-) (-C – C-) ферменттер жатады. Мұндай байланыстар түзу үшін АТФ жəне басқа да макроэнергиялық қосылыстардың (ГТФ, ЦТФ, УТФ, т.б.) ыдырауынан шығатын энергия пайдаланылады, яғни жай заттардан күрделі органикалық заттар синтездейтін ферменттер деуге болады. Лигазалардың 5 тобы бар, олар алмасу процесінің анаболиттік кезеңінде қатысады.
9. А витамині және каротин, Құрылысы, қасиеттері, маңызы.
А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин). 1937 жылы Каррер А витаминің құрылымын анықтап, формуласын тапты. А витамині дегеніміз - молекуласында β-ионды сақинасы бар, полиқанықпаған бірінші реттік спирт. Оның құрылымдық формуласы мынадай:

Ретинол молекуласының құрамында көміртегінің 20 атомы бар, β- иондық сақина изопреннің екі қалдығымен байланысқан. Ядродағы қос байланыс біреу, бұл қосылыс А1 витамині ретінде белгілі. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында жəне балық көзінің тор қабатында кездесетін екінші А витамині табылды, ол А2 витамині деп аталады. Бұл витамин құрлымының А1 витаминінен айырмасы ядродағы С3 жəне С4 атомдарының арасында екінші қосбайланыс бар. Көкөністерде əсіресе сəбізде қызғылт түсті пигменттер каротиноидтар кездеседі. Каротиноидтар каротинге жəне ксантофиллге бөлінеді. Адамның жəне жануарлардың ағзасында А витамині бірнеше қызмет атқарады; тері қабатында, тыныс жолдарында жəне ас қорыту жолында эпителий жасушаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы жасушалардың өсуіне жəне олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антитела) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады. Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процестеріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминнің тотыққан түрі - ретиналь активті қызмет атқарады. Ретиналь опсин белогымен байланысады да, родопсин (мм. 38 000) түзеді. Родопсин дегеніміз - көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың əсерінен родопсин екі бөлікке - опсинге жəне ретинальға жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді.

Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий жасушаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршықтана бастайды, осының салдарынан микроағзалар жəне зиянды заттар жасушаға оңай ене алады. Ретинолдың жетіс пеуі салдарынан лизоцим болмайды. Сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады. Оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия (гректе құрғақ, ophtalmos – көз) деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шарайнасы (қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады. А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (ақшам соқыр) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі - жас төлдердің өсуін тоқтатады жəне сперматогенез процесі тиылады, осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады. А1 жəне А2 витаминдері жануарлар ағзасында болады. Əсіресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдерге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сəбізде, өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта жəне барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет