1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Ферменттердің оксидоредуктаз және изомераз кластары. Маңызды өкілдері



бет5/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
биохимия ответы

7. Ферменттердің оксидоредуктаз және изомераз кластары. Маңызды өкілдері.
Оксидоредуктазалар – бұл класқа тотығу жəне тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер біріктірілген. Ағзадағы биологиялық тотығулар немесе тіндердің тыныс алуы осы кластың ферменттері арқылы жүреді, сондықтан бұларды тыныс алу ферменттері деп те атайды. Оксидоредуктазалар жасушада негізінен митохондрияда кездеседі. Олар екі компонентті ферменттер. Əсер ететін субстратына қарай топтарға жіктелген. Əрбір топ бірнеше топшаларға тармақталған. Олар бір-бірінен сутегі протонын немесе электронын қабылдайтын акцепторлармен ерекшеленеді. Оксидоредуктазалар катализдейтін тотығу-тотықсыздану реак цияларының түріне жəне тотығуға ұшырайтын сутегі донорымен тотықсызданатын акцептор түріне қарай 4 топқа бөлінеді.
1. дегидрогеназалар тобы.
2. цитохромдар тобы.
3. каталаза, пероксидаза тобы
4. гидроксилазалар тобы.
Оксидоредуктазалар кең таралған ферменттер, энергетикалық процестерде үлкен рөл атқарады. Оксидоредуктаза класы 17 топшаға бөлінеді. Дегидрогеназалар – тотығу реакцияларына дегидрлеу (сутегін бөліп шығару) арқылы қатысады. Дегидрогеназалар субстраттың тотығуын сутегі атомы (Н) немесе электрондарын (е¯) бөліп алу жолымен қамтамасыз етеді. Сутегін беріп отырған субстрат сутегінің доноры деп, ал сутегін немесе электронды қосып алған затты сутегінің акцепторы деп атайды. Сутегін бөлген зат тотығады, ал қосып алған зат тотықсызданады.

Ағзада тотығу-тотықсыздану процестері əрдайым жүріп отырады. Осы процестердің нəтижесінде энергия түзіледі. Дегидрогеназалардың саны 150-ден асқан.
Негізгі өкілдері: Пиридин – ферменттер (ПФ) екі компонентті, апофермент жəне коферменттен тұрады. Олардың арасындағы байланыс əлсіз. Апоферментті субстратты абсолюттік арнайылықпен анықтайды, яғни субстратты таниды. Коферментті фермент молекуласының тұрақтылығын сақтап, катализдің жүруін қамтамасыз етеді. ПФ – коферменті никотинамидадениндинуклеотид (НАД+ ) жəне нико- 62 тинамидадениндинуклеотид фосфат (НАДФ+ ) деп аталады. НАД+ жəне НАДФ+ -тың құрамында никотинамид (В5 витамині, РР), рибоза, фосфор қышқылы жəне АМФ болады.
Пиридин ферменттердің коферменті апоферментімен тек тотыққан күйінде ғана байланысады, ал кофермент тотықсызданғанда апоферменті бөлініп шығады. Флавинферменттер - тотыққанда сары түс беретін бол ғандықтан, флавопротеидтер (ФП) деп аталады. ФП – күрделі, екі компонентті, коферменттері флавинмононуклеотид (ФМН) жəне флавинадениндинуклеотид (ФАД) болып келеді. ФП – молекуласы өте үлкен, сондықтан бір апоферментке бірнеше кофермент қосылады. Кейбір молекулалаларының құрамында мыс (Сu2+) , темір (Ғе2+) жəне молибден (Мо2+) иондары кездеседі. ФП құрамындағы темірді гемсіз темір деп атайды.
Цитохромдар. Цитохром (Цх О) жүйесіне цитохромдар жəне оттегі молекуласын активті күйге айналдыратын цитохромоксидаза ферменттері кіреді. Цитохром жүйесінің ферменттері - гемопротеидтер, олардың геміндегі темірдің валенттілігі ауыспалы болады. Олардың көмегімен биологиялық тотығу тізбегінде электрондар тасымалданады. Қазіргі кезде 20-дан астам цитохромдар белгілі.

Өкілдері: цитохром b – екі компонентті фермент, простетикалық тобы гем. Цитохром С1 – екі компоненттен тұратын фермент. Коферментті гем. Цитохром С – екі компонентті фермент. Цитохром а жəне а3 – екі компонентті ферменттер. Апоферменттері əртүрлі, коферменттері ұқсас гем. Цитохромоксидаза (Цх О) күрделі белок, молекуласында екі атомы болады. Цх О митохондрияның ішкі жағында орналасқан.
Каталаза жəне пероксидаза тобы. Бұл ферменттер екі компонентті, коферменттері гем, химиялық табиғаты жағынан цитохромдарға ұқсас, каталаза мен пероксидаза тотығу-тотықсыздану реакцияларын тездетеді, бірақ биологиялық тотығу процесіне қатыспайды. Каталаза əр уақытта ағзада тотықсызданған ФП аэробты тотығу нəтижесінде түзілетін зиянды Н2 О 2 жиналуынан сақтайды:

Оксигеназалар, оксидазалар жəне гидроксилазалар. Сутегінің акцепторы ретінде тек ауадағы оттегін пайдаланатын аэробты дегидрогеназаларды оксидазалар деп атайды. Оттегін жалғайтын ферменттерді оксигеназалар деп атайды. Биологиялық тотығу тізбегінде электрондарды қосып ала отырып, қоректік заттарды тотықтыру арқылы ағзаға қажетті энергияны түзуге қатысады. Гидроксил тобын түзе жүретін реакцияларды катализдейтін ферменттер гидр Изомеразалар – молекула ішінде орнын ауыстырып, бір молекула төңірегінде изомерге айналуын қамтамасыз ететін ферменттер. Органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді. Атомдардың, атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары мен əртүрлі радикалдардың молекулаішілік орын ауыстыруы салдарынан изомерлеу процесі өтеді. Мысалы, альдегидтердің өзара кетонға, цис форманың транс формаға айналуы жəне керісінше. Егер изомерлеу топтары молекуланың ішінде ғана орын ауыстырумен жүрсе, бұл кезде фермент мутаза деп аталады. Ал инверсия ассиметриялық топтарда өтсе, фермент рацемаза немесе эпимераза делінеді. Изомерлеу процесіне көбінесе көмірсулар, амин қышқылдары мен органикалық қышқылдар ұшырайды. Изомеразаларға: глюкоза-6-фосфатизомераза, триозофосфатизомераза, ретиненизомераза, рибулозо-5-фосфатэпимераза жəне т.б. жатады. Изомеразалар 6 топқа бөлінедіоксилазалар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет