1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —


 Биотехнологиялық әдістермен алынған гормоналды препараттарды тізімдеңіз



бет18/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Биотех читать

18. Биотехнологиялық әдістермен алынған гормоналды препараттарды тізімдеңіз
Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері керек.
Эстрон (фолликулин) Oestronum (FolUculium) суда ерімейтін, сусыз спиртте және майларда еритін ақ кристалды ұнтақ. Буаз жануарлардың несебінен немесе синтетикалық түрде алады. 1 мг 10000 ЕД құрайды
Гипофизарлы әсері бар препараттар.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде бестен астам гармондар құрылады: өсу, тиреоидты, паратиреоидты, адренокортикотропты, қант құрамын төмендететін гармондар және т.б. Адренокортикотропты және гонадотропты гармондардың айтарлықтай маңызы бар. Адренокортикотропты гармон (АКТГ) – Hormonum aclrenokortico –tropinum (ACTH). Доңыздардың, ірі және ұсақ қара малдың гипофизінен дайындалады. АКТГ-аминқышқылдардың 39 қалдықтарынан құрылған күрделі полипентид. Оның белсенділігі ЕД-мен анықталады. Қолданудың ыңғайлылығы үшін препаратты 10-20-40 ЕД АКТГ –ні құрайтын ампулаларда шығарады. Суда жақсы еритін лиофилизирленген ұнтақ. Термотұрақты құрғақ күйінде препараттар төзімді, ал қоспалар түрінде тез бұзылады.
Пролактин-Prolactinum. Ірі қара мал мен доңыздың гипофизінен алынады. 1 мл 5 ЕД құрамында стерильді қоспа түрінде шығарылады.
Питунтрин – Pitutrinum. Гипофиздің артқы бөлігіндегі аса терең зерттелген гармондар оксидоцин және вазопрессин болып табылады
Инсулин-Insulinum. Бүйрек үсті безінің Лангерганс аралының р –жасушасында болатын гармон. Химиялық құрылымы бойынша бұл полипентид, 51 аминқышқылының қалдығы бар, молекулярлы массасы 6000-ға жуық.
Тироксин — Thyroxinum. Қалқанша безінен алынған және синтезделген. Химиялық тұрғыдан бұл – дийодксифелин — дийодтирозин немесе тирозиннің тетрайодопарагидроксифенилді эфир.
Тироксиннің молекуласы йодтың 65% бар. Таза түрде тироксин төзімді, су мен спиртте ерімейді
Дийодтиризин –Diiodthyrosinum. Қалқанша безі құрамына кіретін аминқышқылы
Биотехнологиялық әдістермен алынған гормондық препарттардың бірі-инсулин.Инсулин ұйқы безінің лангерган аралдары бета-жасушаларында түзілетін пептидтік гормон. Ол барлық дерлік тіндердегі метаболизмге көп қырлы әсер етеді.
Инсулиннің негізгі қызметі-глюкоза молекулаларына жасуша мембраналарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет