1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —


Лизинді өндіру процесінің технологиялық сызбасын жасаңыз



бет28/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Биотех читать

34.Лизинді өндіру процесінің технологиялық сызбасын жасаңыз.
Аминқышқылдары:

  • медицинада операциядан кейінгі науқастарды емдеу үшін, ОЖЖ ауруларын, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын, бауырды емдеуде кеңінен қолданылады (серотонин, аспарагин, валин, гистидин, глицин, глутамин және глутамин қышқылы, изолейцин, лейцин, метионин, пролин, тирозин, триптофан, фенилаланин, цистеин);

  • тамақ өнеркәсібінде дәм мен хош иісті күшейткіштер, антиоксиданттар мен тағамдық қоспалар (аланин, аспарагин қышқылы, глицин, глутамин қышқылы, лизин, цистеин)ретінде;

  • ауыл шаруашылығында - жемшөп қоспалары ретінде (лизин, треонин); химия өнеркәсібінде-полимерлер синтезі мен косметика өндірісіндегі бастапқы заттар ретінде.

Жыл сайын әлемде құны 5 миллиард доллардан асатын 800 000 тоннадан астам аминқышқылдары өндіріледі. Жалпы өндірістің жартысынан көбі L-глутамин қышқылына тиесілі, ол кеңінен танымал дәм мен хош иісті күшейткіш - натрий глутаматын алу үшін қолданылады.

1.Қоректік орта


2.Қоректік материал
3.Стерильді ауа
4.Ферментация
5.Культуралық сұйықтық
6.Булану
7.Биомассаны бөлу
8.Лизинді сорбциялау-десорбциялау
9.Элюаттарды буландыру
10.Кристаллизация
11.Фильтрлеу
12.Кептіру
13.Дайын кристаллдық лизинді алу


35. L-аланинді өндіру процесінің технологиялық сызбасын жасаңыз
Бүгінгі күні L-аланинді алу үшін екі негізгі бағыт әзірленді:
біріншісі- D-аланинді алуға мүмкіндік беретін рацемиялық аланин туындыларының энзиматикалық бөлінуі,
екіншісі- L-аспарaгин қышқылының энзиматикалық декарбоксилденуі арқылы L-аланинді алу.
L-аланинді пирожүзім қышқылынан L-аланин-дегидрогеназасын және трансаминазаларды қолдана отырып L - аспарaгин қышқылын алу әдістері де белгілі. L-аланинді алудың негізгі әдісі оңтайлы рН = 5,5-5,7 кезінде L - аспарaгин қышқылын қышқылын L- аспарaтат-В-декарбоксилазасын қолдану арқылы ферментативті декарбоксилдеу болып табылады.
РН мәні декарбоксилдену реакциясының тиімділігін анықтайды. Жүргізілген талдауға сәйкес декарбоксилдену процесінің рН реттеу белгісі бойынша белгілі тәсілдер мен технологиялар 5 топқа бөлінген:
• реакциялық ортаның рН реттеуінсіз процестер (реакциялық ортадан СО2-ні еркін алып тастауға жол беріледі);
• реакциялық ортадан СО2-ні алып тастауды болдырмау арқылы рН реттейтін процесс;
• буферлік жүйелерді пайдалану (декарбоксилдену сатысында рН тұрақтандыру үшін реакциялық ортаға 0,15 М трис-буфер қосылады);
• минералды қышқылдарды титрант ретінде пайдалану( 5Н H2SO4 қосу);
• кристалды L - аспаргин қышқылын субстрат және титрант ретінде бір уақытта қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет