1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


«Кәсібилік» ұғымы. Кәсіби дайындық. Курстың пәні, мазмұны, мақсаты, міндеттері, негізгі принциптері, басқа ғылымдармен байланысы



бет10/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

«Кәсібилік» ұғымы. Кәсіби дайындық. Курстың пәні, мазмұны, мақсаты, міндеттері, негізгі принциптері, басқа ғылымдармен байланысы.

Белгілі бір әрекетті орындауға «даяр болу» ұғымының өте кең тарағанына қарамастан, психологиялық педагогикалық интерпретациясы әралуан. Бір жағынан даяр болу әрекетті табысты орындаудың шарты, өз практикасына сүйеніп мәселені шешудегі тұлғаның белсенділігі, өзін - өзі жүзеге асыруы, әрекеттің алғышарты әрі реттеушісі ретінде, екінші жағынан – даяр болу тұлғаның сапалары мен қасиеттерінің жиынтығы, «кешенді сапасы», «жүйеленген сапалар жиынтығы» ретінде анықталады. Л.М. Осиновская «педагогикалық әрекетке даяр болуды», төмендегі төрт компоненттен тұрады деп есептейді: тұлғалық даярлық компоненті - педагогтың өз өмірлік бейнесін ұғынуы, өзі таңдаған өмір жолына сәйкес өзінің нақты бағдарламасын құра алуы, білім беру барысындағы жағдаяттарды шеше алуы; - апперцептивті-аксиологиялық компонент – педагогтың қоршаған әлемнің құндылық мағынасын айқындай алуы; - когнитивтік компонент - педагогикалық, психологиялық білімдер мен біліктер жүйесінен құралған теориялық дайындығының болуы; кәсіби педагогикалық даяр болудың төртінші компоненті – - ұйымдастырушылық - педагогтың білім алушыларды белсенді әрекетке тарта алу біліктерінің болуы. Ғалымның пікіріндегі көрсетілген компоненттер бәсекеге қабілетті педагогтарды сипаттауда басшылыққа алатын идеялар деп санаймыз. Барлық анықтамаларда ізделініп отырған дайындықтың мазмұнында келесі компоненттердің болуы керектігі анықталған: мұғалімдік мамандыққа оң қатынас, педагогтың алуан түрлі әрекеттеріне оң қатынас; тұрақты кәсіби қызығушылықтар; педагогикалық іс-әрекеттің тұрақты мотивтері; оның нәтижелеріне қатысты жауапкершілікті сезіну; кәсіби іс-әрекеттің адекватты талаптары, тұлғаның сапалары, мінездің сипаттары; кәсіби маңызды білімдер, біліктер, дағдылар, оларды жұмылдыруға және белсендіруге қабілеттілігі; дамытылған педагогикалық қабілеттер; кәсіби міндеттерді шешудегі өзбетінше әрекет ету; эмоциялық, еріктік, сезімдік аймақтардың дамығандығы (шабыттылық, өз жетістігіне сенім арту, өзін-өзі басқару білігі, сенімсіздікті жою, қорқыныш пен үреймен күресу және т.б.); қабылдаудың, зейіннің және ойлаудың тұрақты кәсіби маңызды ерекшеліктері. Сонымен қатар, кәсіби ісәрекетке дайындық кәсіби іс-әрекетке дайындаудың нәтижесі, салдарының да алар орынын айқындаған. Дегенмен де, біздің ойымызша, «кәсіби даярлау» ұғымы үдерісті білдіреді, ал, «кәсіби дайындық» түсінігі оның нәтижесін көрсетеді. Біз қарастырып отырған бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау да өз кезегінде үдеріс және оның нәтижелі болатындығымен сипатталады деп есептейміз. Педагогтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың өзектілігі дамып келе жатқан еңбек нарығы мен «тұлғалар нарығы» мамандарға жоғары талап қоюымен байланысты. Қызметтің барлық салаларында әлеуметтік жауапкершілік, жаңа факторларды дұрыс қабылдау және оған ұтқырлы әрекет ете білу, дербестік пен жеделдік, оған қоса өз құқықтарын қорғай білу, әлеуметтік белсенді әрекетте болу, жаңа жағдайларға тез бейімделу, сондай-ақ тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басқа да сапалар сияқты сипаттамалар күннен күнге үлкен маңызға ие болып отыр. Дегенмен де, қазіргі қоғамда мектеп мұғалімі болуға деген сұраныс көңіл толтырмайтыны белгілі жайт. Педагогикалық оқу орнына келетін абитуриенттердің көп бөлігі мектеп бітірушілердің ең нашар дайындалғандары екені шындық. Олардың оқуға түскендерінің ішінде өздерінің мұғалім болуға деген ықыластарының төмендігінен, ертеңгі күнгі олардан қандай педагогтардың шығатынын болжауға болады. Сондықтан мұндай мәселелі жағдайдың оң шешімін табуды қарастырудың қажеттілігі күн санап артуда. Маман, оның ішінде рухы асқақ, мәдениеті жоғары, таңдаған кәсіп иесі ретінде терең білімді, оқытудың озық әдістерін, педагогикалық қарым-қатынас жасауды меңгерген мұғалімдерді даярлау мәселесі қашанда данышпан ойшылдардың, ғалымдар мен практиканың өзекті мәселесі болып келген. Ұлттың ұлы ұстазы әл-Фараби шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы, оқымысты, ғалым. Оның мінсіз адамды қалыптастыру туралы идеясы жас ұрпақтың сана-сезімін жетілдірумен айналысатын педагогқа қатысты үш нәрсенің: баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; ұстаздың шеберлігі, ар тазалығының, сабақ үдерісінің алатын орнының ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алуы шарт екендігі туралы пікірі педагогтарды даярлау ісін жүзеге асырудың алтын діңгегі деуге болады. Қазақ зиялысы, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев адам тәрбиесіне, оның өсіп келе жатқан жас бала мен жастардың жетілуіне аса мән беру керектігін айтып, жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуы үшін қажетті қасиеттерін дамыту туралы: «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек; өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап...» дейді. Ал мұндай тұлғаларды тәрбиелеу ісімен айналысатын педагогтарға арнап «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты «адам» болады», - деп айтқан болатын. Мұндай тұжырымды ой мен көзқарас дәл бүгінгі күні өзекті болып, тұлғаның білімділігі арқылы қалыптасқан қасиет сапалары оның мектепте, ұстаздан алатын тәрбиесінің қоғамдық мәнін айқындап тұрғандығы анық. А. Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», деген пікірі бар. Бұл мәні мен мағынасы көнермеген пікірді бүгінгі заман мұғалімдерін даярлаудағы басты қағида десек артық айтқандық емес.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет