1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Кәсіби-педагогикалық құзырлылық мәселесіне арналған ғалымдардың бірнеше бағытта жүргізген зерттеулері



бет12/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

17 Кәсіби-педагогикалық құзырлылық мәселесіне арналған ғалымдардың бірнеше бағытта жүргізген зерттеулері
болашақ педагогтың кәсіби тұрғыдан өзін айқындауы олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін қалыптастыра білуге, кәсіби мақсатын іске асырып, өз қызметінің нәтижесін талдай білуге мүмкіндік береді деген өз ойымызды қосқымыз келеді. Жоғары оқу орынының қызметі болашақ педагогты кәсіби әрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық қызметке әзір болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени, әдіснамалық, әдістемелік пәндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мамандықты меңгеру барысында олардың ішкі ашылмаған мүмкіндіктері іске қосылып, жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі. Педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне арналған Л.М.Нәрікбаеванының жұмысында, болашақ педагог бірден бәсекеге қабілеттілік деңгейге жете қоймайды, ол алдымен шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өтуі тиіс деген пікір білдіреді [62]. Шындығында да, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі. Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы болып ғана қоймай, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Олай болса, жоғарыдағы авторлардың құнды пікірлері біздің 26 зерттеуіміз үшін маңызы зор. Жаңа тұрпаттағы педагогтарды даярлау мәселесі соңғы жылдары философия докторы дәрежесін алу үшін дайындалып, қорғалып жатқан диссертациялық жұмыстарда да кеңінен қарастырылуда. Атап айтсақ, Б.Ж.Бекжанованың жұмысында болашақ ғылыми - педагогикалық мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың: жоғарыдан кейінгі білім беру үдерісі мазмұнының акмеологиялық дайындықты қалыптастыруға бағыттылығы; магистранттардың акме-дайындығын тиімді ететін тренингтер мен технологиялар, белсенді әдістер қолдану; магистранттың шығармашылық іс-әрекеттегі субъектілігін дамыту; олардың акме-дайындығына әсер ететін педагогикалық орта жасау сияқты шарттар жиынтығы негізделген [63]; Б.М.Баймуханбетов зерттеуінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастырудың құрылымдық моделі және оның мазмұны, әдістемелік жолдарын ұсынылған [64]; Т.Б.Кенжебаеваның еңбегінде болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалып, өлшемдік көрсеткіштері, деңгейлері анықталған; Ә.И.Булшекбаева жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында тұлғаның дүниетанымдық мәдениетін қалыптастырудың теориялық –әдіснамалық негіздерін анықтап, мәселені тиімді шешудің теориялық моделі мен әдістемесін тәжірибеден өткізген [66]. Аталған зерттеу жұмыстарын қазіргі заман педагогтарын даярлау мәселесінің теориялық және практикалық қорына қосылған тың еңбектер деп тануға болады. Қазіргі заман бәсекеге қабілетті болашақ педагог қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін болашақ педагог табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Педагог еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болғандықтан, болашақ педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдылықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.

18 Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық қағидалары.


Құзіреттілік тұғыр «құзіреттілік» «құзірет» ұғымымен тікелей байланысты. Педагогикалық зерттеулерде құзірет-құзіреттілікті қалыптастыру және құзіреттілік тұғырды пайдалану өзектілігінің бірнеше себептері бар, соның ішінде жоғары білімдегі стандарттар, оқыту мазмұны білім алушылардың нақты құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, «құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту процесінде білімді қолданудың соңғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Білім беру үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы болашақ маманның білімі мен практикасын, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады. Құзіреттілік тұғырдың педагогикалық түсіндірмесі А.А.Вербицкийдің, И.А.Зимняяның, Ж.А.Шуткинаның, А.В.Хуторскойдің және т.б. еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Ж.А.Шуткинаның құзіреттілік тұғырды педагогикалық құбылысты құзіреттердің жүйеленген түрі, сондай-ақ оларды қалыптастыру жолдарын анықтау түрінде білім үдерісінің нәтижесі ретінде сипаттайды. Ал, К.С.Құдайбергенева «құзыреттілікті» педагогиканың категориясы тұрғысынан жан-жақты зерделеп, мұғалімнің құзыреттік – нені білуін, нені түсінуін, меңгеруін немесе неге қабілетті екендігін көрсетуі, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы деп қарастырса, М.К.Джандильдинов ЖОО студенттердің кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерін дамытудың педагогикалық шарттары мен бағалауды өлшеу мәселесінің өзектілігін келтіреді. Мұнда білім алушылардың білігі мен дағдылары сыртқы бағалауға тиісті деңгейдегі талаптарды іске асырылатынын дәйектейді. Бұдан болашақ педагогтардың өмірдегі мәселелер мен жағдайларды іс әрекетінің сапалы, болуын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық практикаға енген білім, білік, дағды, қабілеттердің жинағы немесе әмбебап жүйесі екені аңғарылады. Құзіреттілікті қалыптастыруда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: дәрежелік, болашақ педагогтардың кәсіби рефлексиясын дамытудың дәрежелікпозициялық заңдылықтарын ескере отырып белгілеген позициялық кезең және білім алушылар мен оқытушылардың құзіреттілігінің қалыптасуын бақылау мен бағалауға қажетті қорытынды кезең. Аталған кезеңдердің ерекшелігі құзіреттілікті қалыптастырудың көрсетілген мазмұнынан және кәсіби оқытудың әдістемелік әдістерін, оны жүзеге асыруды таңдау талаптарынан көрінеді. Оқытуды ұйымдастырудың әмбебап формасы ретінде блокты-модульдік технология болуы мүмкін, онда құзыреттілік амалды іске асырудың обьективті мүмкіндігі бар. Демек, болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу және шешу барысында ескерілетін құзіреттілік тұғырдың ережелеріне біз келесілерді жатқызамыз:
1) құзіреттілік тұғыр болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың мақсаты және нәтижесі ретінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді;
2) оқу үрдісін ұйымдастыру болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігі құрамына кіретін құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады;
3) білім нәтижелерін бағалау болашақ педагогтар қол жеткізген құзіреттілікті меңгеру деңгейін талдауға негізделеді. Сонымен, құзіреттілік тұғыр кәсіби-педагогикалық білімнің мақсаты және нәтижесі және осы құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әдіснаманың жүйелік және құзіреттілік тұғырлары отандық педагогиканың іргетасын құрайтыны және болашақ педагогтың тұлғалық бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселесінің негізгі шешімі екені сөзсіз. Осы тәсілдер педагогикалық теорияда да, практикада да жоғары деңгейде бағаланған, олар қосымша бағалауды қажет етпейді. Біз қарастырып отырған мәселені шешуде аксиологиялық тұғырды тірек ету зерттеуіміздегі бәсекеге қабілеті педагогтың түрткісі болып табылатын «бәсеке» ұғымы аксиологияның ғылыми аймағындағы «құндылық», «құндылық бағдарлар» контексінде қарастырылуымен тығыз байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет