1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары



бет13/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

19. Өзекті құзырлылықтар
Құзіреттілік тұғыр «құзіреттілік» «құзірет» ұғымымен тікелей байланысты. Педагогикалық зерттеулерде құзірет-құзіреттілікті қалыптастыру және құзіреттілік тұғырды пайдалану өзектілігінің бірнеше себептері бар, соның ішінде жоғары білімдегі стандарттар, оқыту мазмұны білім алушылардың нақты құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, «құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту процесінде білімді қолданудың соңғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Білім беру үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы болашақ маманның білімі мен практикасын, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады. Құзіреттілік тұғырдың педагогикалық түсіндірмесі А.А.Вербицкийдің, И.А.Зимняяның, Ж.А.Шуткинаның, А.В.Хуторскойдің және т.б. еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Ж.А.Шуткинаның құзіреттілік тұғырды педагогикалық құбылысты құзіреттердің жүйеленген түрі, сондай-ақ оларды қалыптастыру жолдарын анықтау түрінде білім үдерісінің нәтижесі ретінде сипаттайды. Ал, К.С.Құдайбергенева «құзыреттілікті» педагогиканың категориясы тұрғысынан жан-жақты зерделеп, мұғалімнің құзыреттік – нені білуін, нені түсінуін, меңгеруін немесе неге қабілетті екендігін көрсетуі, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы деп қарастырса, М.К.Джандильдинов ЖОО студенттердің кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерін дамытудың педагогикалық шарттары мен бағалауды өлшеу мәселесінің өзектілігін келтіреді. Мұнда білім алушылардың білігі мен дағдылары сыртқы бағалауға тиісті деңгейдегі талаптарды іске асырылатынын дәйектейді. Бұдан болашақ педагогтардың өмірдегі мәселелер мен жағдайларды іс әрекетінің сапалы, болуын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық практикаға енген білім, білік, дағды, қабілеттердің жинағы немесе әмбебап жүйесі екені аңғарылады. Құзіреттілікті қалыптастыруда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: дәрежелік, болашақ педагогтардың кәсіби рефлексиясын дамытудың дәрежелікпозициялық заңдылықтарын ескере отырып белгілеген позициялық кезең және білім алушылар мен оқытушылардың құзіреттілігінің қалыптасуын бақылау мен бағалауға қажетті қорытынды кезең. Аталған кезеңдердің ерекшелігі құзіреттілікті қалыптастырудың көрсетілген мазмұнынан және кәсіби оқытудың әдістемелік әдістерін, оны жүзеге асыруды таңдау талаптарынан көрінеді. Оқытуды ұйымдастырудың әмбебап формасы ретінде блокты-модульдік технология болуы мүмкін, онда құзыреттілік амалды іске асырудың обьективті мүмкіндігі бар. Демек, болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу және шешу барысында ескерілетін құзіреттілік тұғырдың ережелеріне біз келесілерді жатқызамыз:
1) құзіреттілік тұғыр болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың мақсаты және нәтижесі ретінде негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді;
2) оқу үрдісін ұйымдастыру болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігі құрамына кіретін құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады;
3) білім нәтижелерін бағалау болашақ педагогтар қол жеткізген құзіреттілікті меңгеру деңгейін талдауға негізделеді. Сонымен, құзіреттілік тұғыр кәсіби-педагогикалық білімнің мақсаты және нәтижесі және осы құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ия, болашақ мұғалім уақыт көшінен қалмай, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ақпараттық қоғамның жаңа талаптарының үдерісінен шыға білуі тиіс. Сондықтан да қазіргі уақытта еңбек етіп жатқан Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жаңа форматтағы мамандар даярлауда шешуші құзыреттіліктерге аса мән береді. Қоғамдық дамудың қазіргі үдерісінде өзінің іс - әрекетін тиімді жоспарлай алатын, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым –қатынас алаңына түсе алатын, құзыретті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мәселесін үнемі алға қоятын, шығармашыл ұжым қалыптасып, олар бір ғасыр бойы қалыптасқан білім ордасының оқыту мен тәрбиелеу дәстүрін сақтап, Ұстаздар ұстаханасы көрігін заманауи инновациялармен қыздыруда. Ал мұның бәрі біздің колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика Ғылым Академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, «ҚР білім беру ісінің озық қызметкері», «Білім» бейіні бойынша базалық оқу - әдістемелік бірлестігінің төрайымы Шалқыма Хайроллақызы Құрманалинаның зор еңбегі деп білемін.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
- бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
- мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
- оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
- коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
- ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
- әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
- тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан - жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болатындығы сөзсіз.

20 Болашақ мұғалімнің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары - біртұтастық, тұлғалық, құзырлылық тұғыр, мәдениетнамалық, іс-әрекеттік, деңгейлік, жүйелілік тұғырлар.
Әдіснаманың жүйелік және құзіреттілік тұғырлары отандық педагогиканың іргетасын құрайтыны және болашақ педагогтың тұлғалық бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселесінің негізгі шешімі екені сөзсіз. Осы тәсілдер педагогикалық теорияда да, практикада да жоғары деңгейде бағаланған, олар қосымша бағалауды қажет етпейді. Біз қарастырып отырған мәселені шешуде аксиологиялық тұғырды тірек ету зерттеуіміздегі бәсекеге қабілеті педагогтың түрткісі болып табылатын «бәсеке» ұғымы аксиологияның ғылыми аймағындағы «құндылық», «құндылық бағдарлар» контексінде қарастырылуымен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның мәндік күші, оның дүниетанымдық және адамгершілік сапаларының қалыптасуы, тұлғаның рухани дамуы, әлемге және адамға эмоционалдық құндылық қатынастың қалыптасуы және т.б. білім берудің мәдени гуманистік қызметтерін негіз етіп алатын педагогикалық аксиология аясында шешіледі.
Әдіснамалық негізі ретінде басшылыққа алынатын тұлғалық-бағдарлық тұғырды И.С.Якиманская негіздеп, оқу әрекетінде болашақ педагогтың субъектілі практикасына сүйену керек деп есептейді. Оның тұжырымдамасында тұлғалық-бағдарлық педагогиканың білім берудегі мақсаты – болашақ педагогтың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру негізделеді. Әдіснамалық негіз ретінде тұлғалық - бағдарлық тұғыр іс-әрекетпен бірлікте қарастырылады, ол педагогикалық процесте болашақ педагогтың тұлғалық аспектісін, оның жеке, жас ерекшеліктерін ескеруге; тұлғаның табиғи, интеллектуальды, шығармашылық әлеуетіне сүйену және оның ашылуы мен іс жүзінде жүзеге асырылуына жағдай жасауға; болашақ педагогтардың тұлғалық тұтастығының компоненті ретінде адамгершілік санасы мен мінез-құлқын, интеллектінің бірлігін ескеруге; интеллектуалдық әлеуетті дамыту тұлғаны ісәрекеттің алуан түріне, алдымен танымдық іс-әрекетке қатыстыру үдерісінде 46 жүзеге асыруға бағдарлайды.
Қорыта келгенде, әдіснамалық тұғырларды жіктеу зерттеу мәселесін шешудің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, практикалық жұмыстың нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың әдіснамалық негіздері: - қоғам сұранысы мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық көріністер болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді; - болашақ педагогтардың кәсіби тұлғалық дамуына әсерін тигізетін жағдайларды анықтауға, азамат әрі маман ретінде жетілудің жоғары деңгейіне қол жеткізу кезеңдерін жобалауға бағытталады; - бәсекеге қабілеттіліктің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуіне бағдарланады; - білім, білік және дағды арқылы мәселелерді өз бетінше шешетін, өзін-өзі реттей алатын тұлғалық қасиеттерді пайдалана алу мүмкіндігі жоғары бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасайды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістігі тікелей педагогикалық мамандарды дайындауға байланысты. Сондықтан қоғам мен мемлекет кәсіби білімді бәсекеге қабілетті педагогтарды дайындауға тапсырыс береді. Бұл тапсырысты орындауда әлеуметтік серіктестік құру қоғам тапсырысына, заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагог дайындауға жағдай жасайды. Жұмысымыздың келесі тарауы болашақ педагогтарды бәсекеге қабілетті етіп даярлауда әлеуметтік серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалану мәселесіне арналатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет