1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары



бет34/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

45. Интербелсенді оқыту технологиясы
Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының
орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін
қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір
оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының
шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі
педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын
қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын
қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге
асыру сапасына да көп байланысты болды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы
нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің
бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып,
оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар
арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);
активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс,
шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың


тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен
мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік
ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің
қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар
аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық
жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық
қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай
қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше
сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ
қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі
қолданылады.
«Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауй жетістіктерін
қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық
әдіс болып саналады.
Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде студенттердің творчестволық
қабілетін және дербестігін жетілдіру.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
Орта қалыптастыру
Әрекет арқылы үйрету
Өмірмен байланыстыру
Өзінділікпен дербестікке баулу
Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары:
Студенттер арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату;
Студентке білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу;
Студентке қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру;
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы
тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық
әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын
алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің
жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін
арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау.
Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен
қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және
қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу
материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы
өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз

жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық


атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің
өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет