47. Мұғалімнің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру технологиялары және
әдістемесі мәселесін жүйелеу және қорытындылау
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,
кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік
(компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның
біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар,
жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп
анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары
арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян
және т.б.) немесе ерекше қабілеті (Д. Ж. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген және т.б.) деп
түсіндіреді. Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы
мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен
құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жай-күйі.
Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек
нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау
қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-
әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби
құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде
құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік,
екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас
құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды,
рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың
дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық. Құзыреттілік –
жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары
сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті
атқара алу қабілеті. Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім
қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның
қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік,
хабардарлық және ісәрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы құзыреттілік ұғымының 72
жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше
тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі
таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады. Ш. Таубаева:
«Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген
білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы
ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде
белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның
кіріктірілген қасиеттері». Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке
мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім,
тәжірибе) атайды. 1-кесте «Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың
анықтамаларындағы мәні Авторлар Қабілет Білім Білік, дағды жиынтығы Тәжірибе
Әрекет тәсілдері В. П. Шапалов Құзыреттілігі М. М. Чошанов құзыреттілік Б. Т.
Кенжебеков құзыреттілік М. Ж. Жадрина құзыреттілік Ш. Т. Таубаева құзыреттілік
құзыреттілік құзыреттілік К. Ж. Аганина құзыреттілік А. В. Хуторской құзыреттілік
құзыреттілік Сонымен, құзыреттілік дегеніміз – адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет
пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік
және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.
Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі кәсіби тұрпатты
маман даярлаудағы қоғам сұранысы мен қажеттіліктерінен туындап отыр. Жоғары оқу
орнындағы педагог мынадай құзыреттіліктің түрлерін иреуге тиіс: Арнайы құзыреттілік -
өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан
әрі жобалай білетін қабілет. Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен
айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби
қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу. Білім беру құзыреттілігі – білім беру
қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген
қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына
ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу
қабілеті. Осы аталған құзыреттіліктерге ортақ белгілер мыналар: - іргелі және
интеграциялық білімнің жоғары деңгейі; - жинақталған іскерлік, дағды қабілеттерді
меңгеру; - кәсіби педагогикалық қызметтің жаңашыл әдістері; - инновациялық
технологияны меңгеру; - шығармашылық шеберлік. Сонымен, қорыта келгенде,
құзыреттілік дегеніміз – адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет
түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы
дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы. Жоғары оқу
орнындағы педагог құзыреттілігі педагогикалық қабілеттер негізінде және құзыреттілік
түрлерінің жиынтығынан тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби
құзыреттілігі педагогикалық - іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және
практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімі» деп
сипаттайды. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін
білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді.
Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі
керек. Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі
дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық
дайындықтарының бірлігі. Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші;
педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері
мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін
нәтиже. Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық құзіреттіліктері
Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі: - Бейімделу - өркениетті адамның
жайлы өмірді қамтамасыз етуде, қоршаған әлем туралы білімінің, табиғатқа қатынасы,
ортаның өзгергіштігіне бейімделу және бірегей табиғи байлықты шынайылықтың
шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы қолданылатын интеллектуалды,
физикалық және психомоторлы біліктіліктердің жиынтығы; - Әлеуметтік -
ұйымдастырушылық - әр түрлі нақты әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты
таңдалған жол іздеу негізінде адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың барлық
қатынасушылар үшін қолайлы өзгеріске әкелетін, нәтижесінде өз мақсаттары, көңіл-
күйі, әрекет ету тәсілдерін реттеуді қажет ететін тұлғаның білімдерінің, рефлексивті
біліктіліктерінің және қабілеттіліктерінің жиынтығы; - Коммуникативті – құрылымы
жағынан күрделі және білім беруді ұйымдастыруда тұтас, қарым – қатынас жасаудағы
негізгі міндеттерді табысты жүзеге асыруды және тұлғаның өз мүмкіндіктерін ашуын
қамтамасыз ететін және лингвистикалық біліктіліктерді меңгерумен сипатталатын,
тілдік тәртіптің арнайы әлеуметтік – мәдени нормалары мен қарым – қатынас
жасаушылар арасында психологиялық заңдар, қолайлы жағдайды қолдау, тұлғаның
әсерлі сезімтал ортасын дамыту; Құндылықты-мәнді - тарихи дәуірге, әлеуметтік
немесе тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне қатысты
өзгермейтін (инвариантты) сипаттағы құзыреттіліктердің жиынтығы, сонымен қатар
олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін анықтайды, оның «уақыттан озу» қасиетін
келешектің әулиесі және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге
қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның «дербестігін»
сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін
психологиялықпедагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол
білімдерін нақты бір ситуацияларда қолданылуы қажет. Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің
өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады. Педагогикалық құзыреттілік
мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Олар өз кезегінде
педагогикалық іскерліктерге бөлінеді. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы:
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді тұлғаны
дамытуға бағытталаған, бірізді жүзеге асатын автоматтандырылыған әрекеттердің
жиынтығы. (В. А. Сластенин) Педагогикалық іскерліктер – мұғалімінің әр түрлі
әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне сәйкес
келеді, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін
анықтайды. (В. А. Мижериков). Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау
іскерлігі түрінде көрінеді. Педагогтың теориялық дайындығына: - аналитикалық
іскерлік; - болжау іскерлігі; - жобалау іскерлігі; - рефлексивті іскерлік кіреді.
Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады: - педагогикалық
құбылыстарды талдай алу; - зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық
теорияларды, заңдылықтарды анықтау; - педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай
алу; - негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру; - міндеттерді тиімді шешу жолдарын
анықтау. Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару
субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады. Педагогикалық болжау педагогикалық
процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді. Болжау іскерлігі
құралады: - білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау; - оларға жету үшін
әдістерді таңдау; - мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу; 76 -
білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығындарды болжау; -
білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау. Болжау
іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді: - ұжым дамуын болжау; -
тұлға дамуын болжау; - педагогикалық процесті болжау. Жобалау іскерлігі дегеніміз: -
оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау; - оларды кезеңдер бойынша негіздеу; - іс-
әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау; - білім беру процесінің құрылымын,
формаларын анықтау; - оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау; - ата-аналармен,
қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау. Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне
бағытталған бақылаубағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. • Рефлексия -
өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі.
Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді. Рефлексивті іскерлік: -
берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені сәйкестендіру негізінде бақылау; - ойша
күтілетін әрекеттер нәтижесі негізінде бақылау; - нақты орындалған әрекеттерді талдау
негізінде бақылауды білдіреді. Аталған педагогикалық іскерліктер нақты педагогикалық
әрекетте көрініс табады. Олай болса, педагогикалық іс-әрекет ұғымын түсіндірместен
бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Ісәрекет – адамның қоғамдық тарихи
болмысының ерекше формасы. Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл
адамның табиғи және әлеуметтік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі
ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада түсіндіруге болады:
ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы болмыстың ерекше түрі, бар
болудыңжәне даму тәсілі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |