49. Оқу процесінде құзырлыққа бағытталған тапсырмалар дайындау
Құзырет сөзіне түсінік:
«Құзырет» - белгілі бір мақсатты қоя отырып, сол мақсатқа жететін бір-бірімен байланысты жеке қасиеттің жиынтығы (білім, икем, дағды, қызмет тәсілдері).
Мемлекеттік білім стандартының (2007 ж.) [3, б. 7] келесі құрастырушылары мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес келесі құзыреттілік түрлерін ұсынады:
- құнды-бағытталған;
- жалпы мәдениеттелік;
- оқу-танымдық;
- коммуникативтік;
- ақпартты-технологиялық;
- әлеуметтік еңбек құзыреттілігі;
- жеке өзіндік даму құзыреттілігі.
Ұсынылған 5 негізгі құзыреттілікті салыстыра отырып негізгі әрі сәтті қарастырылған 12-жылдық білім берудің Мемлекеттік білім стандартының құрастырушылары (2004 ж.) [1, б. 7] таңдап отыр. Онда белгіленген мақсатқа сәйкес күтілетін нәтижелер келесі құзыреттіліктердің түрімен қарастырылды:
1) Құнды-бағытталған құзыретілік – оқушының қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауы, өзін қоғамда жоғары этикалық құндылық ретінде орнын таба білуі, азаматтық пен патриоттық сезімнің болуы. Ең бастысы – Қазақстанның азаматтық борышын өтей алатын, саяси жүйені түсіне білетін, болып жатқан әлеуметтік жағдайды түсіне білетін патриотының болуы.
2) Жалпымәдениеттілік құзыретілік – жалпы мәдениеттілік және ұлттық құндылық негізінде қоғамда этномәдениеттік дәстүрлерді қалыптастыра білетін, танымы мен тәжірибесінің болуы, жеке және отбасы, әлеуметтік өмірде мәдениеттілік негізін қалыптастыра білуі. Мәдени-бос уақытты ұйымдастыра білу қабілеті өзінің халқының мәдениеті мен әлем мәдениетінің көпқырлылығын түсінуге және бағалауға үйретеді, рухани түсіністік пен шыдамдылыққа жол бастайды.
3) Оқу-танымдық құзыретілік – оқушылардың оқу-танымдық және зерттеушілік процесін өз бетімен жүргізуге бағытталған комплексті құзыреттілікті қарастырады. Өзінің білімін жинақтау жолындағы қызметін тиімді жоспарлауы, талдауы, рефлексия жасай алуы, функционалдық сауаттылығы әлемнің ғылыми қырларын тануға, ізденушілік-зерттеушілік жақтарын аша білуге үйретеді.
4) Коммуникативтік құзыретілік – әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өзінің ана тілі мен өзге тілдерді меңгеруге, өмірлік жағдаяттарды шешу мақсатында әртүрлі коммуникация нышандарын қолдана білуге, мемлекеттік тіл - қазақ тілінде ұлтаралық, шет ел тілдерін меңгеруге үйретеді.
5) Ақпараттық-технологиялық құзыретілік бағыт-бағдарды дұрыс жасай алуға, өз бетімен ізденіп, керекті мәліметтерді іріктеп, талдау жасауға, интерпретациялауға, ақпараттық технология көмегімен қажетті материалдарды сақтап, оларды жүзеге асыра білуге үйретеді.
6) Әлеуметтік-еңбек құзыретілік - қоғамдық, отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси саласында азаматтық-қоғамдық білім мен тәжірибемен қамтамасыз етуге көмектеседі. Нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайды талдай алу, өзінің шешімін айтып, әртүрлі өмірлік жағдаятты қоғам құзыретіне қарай шешу білу мен әрекет жасауға үйретеді.
7) Жеке өзіндік даму құзыретілік – өзінің қызығушылығы, мүмкіндігі мен қабілетіне сәйкес әдістерін меңгере білу, денсаулық сақтау, рухани және зияткерлік тұрғыда өзін шыңдауға көмектеседі. Ішкі экологиялық мәдениет пен өзінің денсаулығына, өмірлік қауіпсіздігіне сәйкес психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, өзінің әр ісіне жауапкершілікпен қарауға әкеледі.
Әртүрлі бағыттағы құзыреттілік түрлерін талдау барысында нақты шешім қабылдауға болады, ол: біріншіден, зерттеушілер білімділік сипаттамалармен салыстырғанда құзыреттіліктің өзекті қырлары «не» сипаттамасын «қалай» деген ұғыммен негіздейді. Екіншіден, көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, құзыреттіліктің мотивациялық сипаттамасын айқындайды. Үшіншіден, зерттеушілер оның анықтамасы мен бағалауындағы күрделі сипаттағы құбылысын анықтап көрсетеді.
Осы құзыреттілік түрлері арқылы мұғалімдер тапсырма орындайды. Сол тапсырма арқылы өздерінің пәндері бойынша ҚБТ құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |