1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі



бет3/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

3. Болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мынадай белгілері бар: бұл іс-әрекетпен қажетті арнайы білім мен біліктілікті меңгерген адам шұғылданады; бұл іс-әрекетті жүзеге асырудың анықталған түрлері бар: сынып, сабақ; бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: балаға белгілі бір білім жүйесін беру, белгілі білім мен біліктілікті қалыптастыру; білімдегі кемшіліктерді жою; тәрбиелеу; баланың қабілетін, ынтасын, ойын, зейінін және т.с.с. дамыту; іс-әрекет мақсаты көбінесе оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын анықтайды; бала бұл іс-әрекеттің ерекше, салауатты сипатын түсінуде ұстазбен ерекше қарым-қатынаста болады; бұл іс-әрекеттің нәтижелерін әсіресе оқыту жөнінде, тексеріп көруге болады; оның қорытындысы - мұғалім оқытқан баланың білімі мен біліктілік деңгейі; нағыз мұғалім өзінің іс-әрекетін балаға білім беруде уақытын шектемейді.
Жоғары оқу орнында оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бөлігі -жалпыпедагогикалық дайындық. Мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындық проблемасы көп жағдайда функционалдық деңгейде қарастырылатынын байқадық. Яғни студенттерді әртүрлі бағыттағы жұмыстардың мазмұны мен әдістемесін анықтауға және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің белгілі бір түрін қолдануға арналғандығы; студенттердің жалпыпедагогикалық дайындығының жекелеген құраушыларының тиімділігін арттыруға арналғандығы. Жоғары оқу орнында мұғалімді кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша арнайы зерттелген жұмыстар әлі де жеткіліксіз деп айтуға болады
Мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындығы белгілі бір заңдылықтарға негізделген объективті үдеріс [2]. Біріншіден, жалпыпедагогикалық дайындық жүйесінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен, оның міндеттерімен байланыстылығы; екіншіден, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұнының, түрлері мен әдістерінің педагогика ғылымы мен мектеп практикасының даму деңгейіне, педагогикалық іс-әрекеттің сипаты мен мазмұнына сәйкестігі; үшіншіден, жалпыпедагогикалық дайындық үдерісінде болашақ мұғалімдерді оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі; төртіншіден, жоғары оқу орны студенттерінің жалпыпедагогикалық дайындығының мақсаттарының, функцияларының, мазмұны мен әдістерінің өзара байланыстылығы; бесіншіден, жалпыпедагогикалық білім, біліктілік және дағды сапасының студенттердің оқу-танымдық, оқу-тәжірибелік және өзіндік тәжірибелік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мазмұнына, түріне және әдістеріне тәуелділігі; алтыншыдан, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұны мен әдістерінің студенттердің жеке ерекшеліктеріне тәуелділігі.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Жоғарыда баяндалған біліктілікті меңгеру студенттерді жоғары оқу орнында мұғалімдік мамандыққа дайындауда басты міндеттердің бірі болып саналады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты
Болашақ математика мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің маңызды түрлерінің бірі - оқытудың теориялық негіздерін біліп, оны мектеп математика курсының әртүрлі тақырыптарын оқытқанда, оларға есеп шығарғанда қолдана білу, ал ол үшін оның әдістемелік дайындығы болуы қажет. Оқыту теориясы туралы әңгіме еткенде оның үш деңгейін, яғни оқыту теориясының өзара байланысты үш теориясын көрсеткен жөн: психологиялық деңгей, немесе оқытудың психологиялық теориясы; дидактикалық деңгей, немесе оқытудың жалпы теориясы; нақты әдістемелік деңгей, немесе оқытудың әдістемелік теориясы
Математика мұғалімінің әдістемелік біліктілігінің қалыптасуының бірінші деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет