Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, тал дай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жет кізуді жүзеге асы ра білу жəне интерпретациялау білігі. Ақпа раттық құзіреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іректеп) алу, ұйымдастыру, түр лендіру, сақтау жəне ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Осы құзіреттілік білім алушының оқу пəндеріндегі жəне білім аймақ тарындағы, сонымен қатар, қоршаған дүние дегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағ дыларын қамтамасыз етеді.
Əлеуметтік-еңбек құзіреттілік – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтыққоғамдық тəжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына жəне қоғам мүддесіне сəйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік – от басылық, еңбек, экономикалық жəне саяси қоғамдық қатынастар саласындағы бел сенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тəжірибесінің болуын білдіреді. Өзінің мүмкін дігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу жəне қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзі нің өмірі мен ісіне жауапты қарау.
Қазіргі ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп білім алушының қабілеттілігі дамитыны жəне күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мəселелерден бастап, өндірістік жəне əлеуметтік мəселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда білім саласының алдына шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Əрине, бұл білім алушылардың шығармашылық əрекетін дамытудағы маңызды мəселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, білім алушының шығармашылығын дамыту да «шығармашылық тапсырмалар» атауы пе да гогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты:
— біріншіден, білім алушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады.
— екіншіден, жағдай тудырушы материал дар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нəтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шəкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді. Мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Білім алушының шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |