1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Ғалымдар білім берудегі құзіреттілік тəсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін атап көрсетеді



бет5/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

Ғалымдар білім берудегі құзіреттілік тəсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін атап көрсетеді:
— түйінді құзыреттер;
— жалпыланған пəндік біліктіліктер;
— қолданбалы пəндік біліктіліктер;
— өмірлік дағдылар.
Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік – білім алушының қоршаған ортаны бірдей қабыл дайтын қабілеті, əдептілік, құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу біліктілігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан əлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мəдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы адамзаттық мəдениет жетістіктері негізінде ісəрекет тəжірибесін жəне қоғамдағы дəстүрлер мен жеке, отбасылық жəне əлеуметтік өмірдің мəдениет негіздерін, этномəдениеттік құбы лыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлт тық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының мəдениеті мен əлемнің мəдени көптүрлілігін түсінуге жəне бағалауға мүмкіндік беретін мəдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тəсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу [2].
Оқу-танымдық құзіреттілік – білім алушының зерттеу əрекетімен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзірет өзінің білімділік қыз метін ұйымдастыра жəне тиімді жоспарлай білуді, сəйкес функциональдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді иге руде əлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік – зерттеушілік əрекет дағдыларын игеру ге мүмкіндік беретін өзінің əрекетіне тал дау жəне қорытынды жасау тəсілдерін қарас тырады.
Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара əрекет пен қарым-қатынас тəсілдерін білуді, түрлі əлеуметтік топтарда жұ мыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі əле уметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыс тың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарас тырады.
Білім беру жүйесінде білім алушының бойында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік техно ло гияның орны ерекше [3]. Оны қолдану білім алушылардың қызығушылығы мен белсен ділігін жəне жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспаларуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет