1. Болашақмұғалімніңкәсіби-педагогикалыққұзырлығынқалыптастырубағыттары


Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру



бет9/63
Дата09.02.2023
өлшемі7.77 Mb.
#469337
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
құзыреттілік ТОЛЫҚ..

14 Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру.
Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде еңбекке, ісәрекеттің алуан түрлеріне адамның даяр болу феномені туралы теориялық және практикалық материалдар жинақталған. Оларда «дайындық» ұғымы тұжырымдалып, оның мазмұны, құрылымы, негізгі параметрлері анықталып және көрініс беруінің динамикасы, ұзақтығы мен тұрақтылығына әсер ететін шарттары айқындалды. Жалпы кәсіби іс-әрекетке даярлық іс-әрекетті тудыратын тұлғаның белсенді күйі ретінде қарастырылады; іс-әрекеттің салдары; кәсіби жағдаяттарға бағдарды анықтайтын сапа ретінде; мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің алғы шарты ретінде сипатталады. Осы орайда, жоғары педагогикалық оқу орны түлектерінің тек кәсіби құзіреттіліктерді ғана игеріп қоймай, сонымен қатар бәсекеге қабілетті болуы, яғни бақталастық жағдайында меңгерген теориялық білімдері мен білік, дағыларын жүзеге асыра алуға даяр болуы аса маңызды. Бұл ретте, «дайындық», «даярлық», «даяр болу», ұғымдарының мәнін ашу қажеттілігі туындайды. Сөздіктерде «дайындық» сөзі әр түрлі мағынада беріледі: «жағдай», «бір нәрсеге дайындық»; «бір нәрсеге бел буу»; «бір нәрсені пайдалануға жарамды күйге әкелу»; «бір нәрсе жасауға қадам жасау», т.с.с. Жоғары өнімділік дәрежедегі іс-әрекетке «дайындық» немесе «даяр болу» ұғымын Б.Г. Ананьев «қабілеттердің көрініс беруі» деп, В.А.Крутецкий «ісәрекетке дайындықты» тұлға қасиеттерінің синтезі деп таниды. Профессор С.И.Архангельскийдің пікірінше, педагогтың ұстаздық әрекетке «даяр» болуы оның өз пәнін шебер жүргізе алуында, оқу ақпаратын ұғынықты жеткізе білуінде, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята алуында, өзінің еңбекқорлығы, табандылығы, педагогикалық мәселелерді шешудегі дербестігінде көрінеді. Айтылған пікірлерде педагогтың кәсіби әрекетке дайындығын көрсететін негізгі сапалар айқындалған деп санаймыз және олардың біздің жұмысымыз үшін маңызы жоғары. Тұлғаның кәсіби іс-әрекетке даяр болуы оның кәсіппен айналысуға деген дайындығының саналы түрде ұғына бермейтін күйі, ол арқылы тұлға өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын бағдары да болып табылады. Бұл дегеніміз, тұлғаның кәсіби іс-әрекетке дайындығы оның сол мамандыққа бағыттылығына да тікелей тәуелді екендігін білдіреді. Атап өтсек, И.А.Кучерявенко дайындықты мүмкіндіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалдық және ерік-жігерлік қасиеттердің жиынтығы арқылы оның жалпы психо-физиологиялық күйі ретінде; белгі бір әрекеттерді орындауға бағдарланған тұлғаның бағыттылығы деп біледі. Бұған қатысты, кәсіби әрекетке даяр болудың психологиялық астарларын автор жеткілікті көрсете алған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет