1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



бет5/10
Дата24.02.2016
өлшемі4.07 Mb.
#14594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЛИМФА

Лимфа құрамы жөнінен қанга жақын сұйық плазма. Оның сұйығы да басым көпшілігі үлкен және орта лимфоциттер мен моноциттер болады. Лимфа да қан сияқты (тамырлар) түтіктер бойымен ағады. Лимфаның капиллярлы дәнекер ткані тұйық бітетін лимфа жуйесін түзеді. Ткань сұйықтары капиллярлардың қабырғасы арқылы тканьдерден лимфа тамырларына өтіп, одан дененін ірі веналарына кұйылады. Ірі қан тамырларының бойында лимфа бездері топталып орналасады. Лимфа сол бездерден шыгатын лимфоцитгер мен моноциттерғе әрдайым молығып отырады.



Бақылау сұрақтар:

  1. Ішкі ортаның ұлпаларының жалпы сипатгамасы жэне классификациясы

  2. Қан және лимфа.

  3. Қанның функциясы. Плазма.

  4. Канның формалык злементгері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер клеткасы. Лейкоцитгік формула. Қаннын жасалуы.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  2. З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.

  3. А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

9-10 Дәріс. Дәнекер ұлпасы.



Дәрістің мақсаты: Дәнекер улпаларына жалпы сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Дәнекер үлпасына жалпы сипаттама және классификациясы. Борпылдақ дәнекер ұлпасының кұрылысы және қызметі. Клеткалары мен талшыктарынын пішіні, морфологиясы және кызметі. Қан мен борпылдак дәнекер ұлпасының тұтастығы.

  2. Тығыз дәнекер ұлпасы, кұрылысы мен кызметі. Талшыктарының орналасу жүйесі және клеткаларының кызметі. Ретикулярлы ұлпа. Майлы ұлпа құрылысы, маңызы. Пигментгі ұлпа.

  3. Шеміршек ұлпасы. Жалпы морфофункционалдық сипаттама. Классификациясы. Шеміршек ұлпасының клекткаларының құрылысы (хондроцит). Шеміршек ұлпасының клеткааралык заты. Хондробласт. Гиалинді, талшыкты және эластикалык шеміршекгің құрылысы. Шеміршектің дамуы және регенерациясы.

  4. Суйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының құрылысы, химиялық құрамы, клеткааралык заты, сүйек клеткалары. Остеон ірі талшықты және пластикалық сүйек. Сүйектің гистогенезі, регенерациясы.

ДӘНЕҚЕР ТКАНЬ

Жоғары сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер тканьді түзілістер көп кездеседі. Олар эпителийдің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп, органдағы тканьдердің аралық қабаттарын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен тканьдердің клеткалары дәнекер ткані арқылы қоректенеді. Шек эпителийі ассимилляциялайтын және қан мен организмде тарайтын қоректік заттар осы дәнекер ткані арқылы өтеді. Дәнекер ткані ішкі зат алмасуды жүзеге асыратын орта болып саналады. Сондықтан ол канмен бірге трофикалық және қорғаныштык маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ткань механикалық қызметті де аткарады.

Дәнекер тканьнің гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар участоктерде аралық заттың механикалық элементтері аз болып, клеткалық элементтері басым болады. Бұған керісінше тіректік маңызы бар дәнекер тканьдерде клеткалық элементтерге қарағанда механикалық түзіліс-клеткаларалық заттары артық болып келеді. Осыған сәйкес дәнекер тканьдердің бірнеше түрлері болады.


  1. клеткасы көп ретикулярлы ткань

  2. клеткалық элементтері мен механикалық түзілістері бірдей дамыған болбыр

дәнекер ткані (немесе қалыптаспаған).

  1. негізінен механикалық түзілістерден тұратын қалыптасқан немесе тығыз

дәнекер тканьдері.

Дәнекер тканьдердің беріктігін жүзеге асыратын көп түрлі механикалық элементтер тек аралық затта ғана дамиды. Сондықтан бұл тканьдердің құрылысының структурасы аралық заттың қүрылымына және әртүрлі талшықтар мен олардың орналасуы тәртібіне байланысты болады.



Аралық заттар. Омыртқалылардың дәнекер тканьдерінің аралық заттары көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан түрады. Тканьдердің белгілі мықтылығын және серпімділігін қамтамасыз ететін талшықтардың механикалық бейімділігінің маңызы бар. Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне және физиологиялық маңызына қарай талшықтар үш түрге: қоллагенді, эластикалык және ретикулярлы болып бөлінеді. Коллаген талшықтар созылғанда ажырап кетпеу үшін үлкен беріктілігі бар дәнекер тканьдердің механикалық негізін құрайды. Ол талшықтар лента тәрізді болып, көбіне жуандығы әртүрлі шоғырларғы жиналады. Тірі препараттарда талшықтар сәулені нашар сындыратындықтан, олар әдетте, көрінбейді. Әрбір талшықтар өзара тығыз желімдескен фибрилдерден тұрады. Дәнекер тканьді барит немесе әк суымен өңдегенде оларды желімдеген заттар еріп, коллаген талшықтарының фибриллярлы құрылысы оңай көрінеді (12-сурет). Тканьдерді қайнатқанда талшықтар алғашында ісініп, кейіннен еріп, желімге айналады. Коллаген талшықтарына бай жануарлардың терісінен және денесінің басқа бөлімдерінен алынатын желім талшықтардың жоғарыда айтылған қасиетіне негізделген.

Эластикалық талшықтар. Коллаген талшықтарына қарағанда беріктіліп шамалы, бірақ оның есесіне өте серпімді келетін талшық. Эластикалық талшықтар жінішке, тармакталған болады және жарықты күшті сындырады. Сондықтан тірі препараттарда жылтыр жіп түрінде өте жақсы көрінеді. Олар фабриллярлы құрылысы жоқ бірқелкі түзілістер болады. Эластикалық талшықтар көп жиналса, оларға тән сары түс пайда болады.

Ретикулрлы талшықтар жай әдістермен өңдегенде көрінбейтін тек дәнекер тканіне күмістің тұздарымен әсер еткенде ғана көрінетін талшықтар. Бұл талшықтар өте жінішке қысқа, көп жинақталғанда тығыз тор түзеді. Олар клеткаларға бай дәнекер тканьдерінде анғурлым күшті дамиды.

Дәнекер тканьнің талшықтары негізгі аморфты заттардан тұрады. Сондықтан біркелкі болып көрінеді. Бірақ, күшті боялған кезде аморфты заттардың жұқа


пластинкалардың тұратындығы, олардың арасында талшыктар болатындығы көрінеді. Дәнекер тканьдегі аморфты заттардың мөлшері әр түрлі, тканьдер клеткалық
элементтерге байыған сайын аморфты заттар соншалықты азайып кетеді. Дәнекер тканьдердің клеткалық құрамы саны және сапасы жөнінен де әр түрлі. Клеткалық элементтердің көп түрлілігі, әсіресе, болбыр дәнекер тканінде кездеседі.

Болбыр дәнекер ткань. Болбыр дәнекер ткань тәртіпсіз орналасқан эластикалы және коллаген талшықтардан тұрады. Талшықтар мен аморфты заттың пластинкалары арасында көп түрлі дәпекер тканьді клеткалар — фиброластар, гистиоциттер, камбиалды клеткалар, май клеткалары, пигментті және плазматикалық клеткалар мен әртүрлі лейкоциттер орналасады (13-сурет). Болбыр дәнекер тканьнің құрамы әр түрлі себептерге байланысты тұрақсыз болады. Өйткені, біріншіден, шыгу тегінің бірдей болмауы, яғни бір бөлігі дәнекер тканьдерден, екінші, бөлігі қан тамырларынан дамиды. Екіншіден, олар үздіксіз дамып отырады да, клеткалары ерекшеленудің түрлі сатысында болады. Үшіншіден, клеткалардың саны физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы талаурау кезінде клетканың саны әдеттегіден

көп болады.



Фибробласт. (wibra — талшык, blatos — бастамасы) Дәнекер тканьнің көптеген түрінде кездсеетін негізгі клеткалык форма. Ол ұзын тармақтары бар, потоплазмасы мен ядросы айқындалмаған созылыңкы клетка (13-сурет).

Фибробластың ядросын коршағап түйіршікті эндоплазма жақсы айқындалған. Шеткі эктоплазма біртекті және бояулармен өте нашар боялады. Әр түрлі клеткаларда эктоплазмамен эпдоплазманың мөлшері бірдей емес. Өйткені, олар фибробластың жасына организмнің қызметіне және жануардың түріне байланысты өзгеріп отырады. Фибробластардың ядросы әдетте дұрыс формалы, кейде сәл ойыс болып келеді. Хроматині аз не әлсіз боялады. Барлық уақытта да бір немесе екі ядрышко жақсы көрінеді. Ядроның қасындағы протоплазма маңынан клетка орталыгы оңай байқалады. Фибробластардың өмір сүру ұзақтығы қысқа болғанымен олар бөлінуге кабілеттілігін сақтайды. Ерекшеленген сайын эктоплазмасы көбейіп отырады. Маманданган түрінде оларды фиброцит деп атайды. Фиброцит фибробластың даму кезеңін аяқтаған, эктоплазмасы күшті дамыған түрі.

Қалыпты жағдайға фибробластар дәнекер тканьдердің аралық затын түзуге қатысады. Егер организмге бөгде заттар енсе, онда соларды қоршауға қатысады.



12-сурет. Қоянның дәнекер ткані.

1 — коллагенді талшық, 2 — серпімді (эластикалық) талшықтар, 3 — фибро-циттер, 4 — гистиоцит.



13-сурет. Қоянның тері асты қан тамыры айналасындагы болбыр дәнекер ткань.

1 - эндотелий, 2 - гистиоциттер; 3 - қан тамыры сыртқы қабатының клеткасы-4 — май клеткалары; 5 — қан капиллярі; 6 — фибробласт.


Гистиоцит дәнекер тканьдердің екінші бір тұрақты клеткалық формасы. Гистиоцит өзінің сыртқы түрі және физиологиялық қасиеті жөнінен фиброциттен өте оңай ажыратылады. Оның негізгі сипаты формасының тез өзгергіштігі болып саналады. Ол кейде ұзынша клетка, кейде кіші дөңгелек тармақтары бар бұрыс формалы клетка. Протоплазмасы фибробластарға қарағанда жақсы боялады, айқын көрінуі соган байланысты. Ядросы бұрыс формалы болады. Ядросында хроматині көп болатындықтан күшті боялып, ядрышкосы көрінбейді. Протоплазмада клетка орталығы, хондриосомдар, ішкі торлы аппарат сияқты органоидтар онай байкалады.

Гистиоциттер организмде талаурау процесі болған кезде көршілес дәнекер тканінен сол талаурау ордасына (ортасына) активті түрде ауысады. Талаурау участогінде гистиоциттер көбейіп, өлген клеткалар мен тканьдерді жұтып, тазартады. Клетканың осындай қасиетін ашқан орыстың ұлы ғалымы И. И. Мечников тазартушы гистиоциттерге макрофагтар деп ат қойды.

Гистиоциттердің өте маңызды қасиеттерінің бірі, өзін қоршаған ортаға түсетін бөгде заттарды жою қабілетінің болуы. Мысалы, организмге бояу енгізілсе, біраз уақыттан соң бояулар гистиоциттің протоплазмасына өтіп, ткань сүйығын одан тазартады. Бөгде заттарды жойып, гистиоциттер организмнің ішкі ортасын тазартады. Сондықтан оларды бөліп шығарушы клеткаларды нефрофагоциттер — (nephros — бүйрек) деп атауға болады. Дәнекер тканьдердің корғаныштық элементі бола отырып, гистиоциттердің ішкі зат алмасуда да маңызы бар.

Гистиоциттер ретикулярлы тканьдерден және қаннан шығатын лимфоциттер мен моноциттерден дамиды. Осылайша шығу тегі әр түрлі болатындықтан формалары да түрліше келіп, көбінесе полибластар деп аталады. Фиброластар сияқты гистиоциттер де дәнекер тканінде үнемі дамудын, әр түрлі дәрежесінде кездесіп отырады. Олардың ең жас формаларының мөлшері шағын, сонымен қатар олар митозды бөлінуге қабілетін сақтайды.

Камбиалды клеткалар маманданбаған ұрықтық мезенхима сияқты әр түрлі бағытта дамитын клеткалар. Бұл клеткалар дәнекер тканьнің кемдігін толтыратын резерві болады. Камбиалды клеткалардын, созылғыш жіңішке тармақтары бар, ол ядросы күшті боялатын клетка. Түрі фибробластаға ұқсас, тек ядросы кішірек келеді. Камбиалды клеткалар көбінесе қапилляр жолдарында және қан тамырларының эндотелий маңайында орналасады.

Майлы клеткалар. Маманданған, дәнекер тканінің нашар ерекшеленген клеткаларының қайсыбір түрі деп қарауға болады. Майлы тағамдарды көп жегенде май камбиалды клеткалардың, гистиоциттердің және ретикулярлы клеткалардың протоплазмасында ұсак тамшы түрінде жиналуы мүмкін. Жинала берген сайын орталык бөлімге орналасып, ядро мен протоплазманы шет жаққа қарай ығыстырады.

Май клеткада тұрақсыз болады. Ол шыққанда азайып, қуатты қоректенгенде молаяды. Май организмнің жылуын сақтауға жұмсалып, энергиялық материал ретінде пайдаланылады. Организмде май жиналғанда клетка жұқа протоплазмамен қоршалған май тамшысы түрінде болады. Бұл сияқты күщті өзгерген клеткалар топталып, мөлшері үлкен май жарнақтарын түзеді. Ұйқыға көшетін жануарларда ерекше майлы денелер болады. Қысқы қорегі сол денелердің есебінен өтеледі. Майлы денелер тканьді бөлімінде майлы клетчатка деп аталынатын қабаттар түзеді. Оның организмнің тысқа жылу шығаруын бәсеңсіту ыңғайында маңызы зор. Сонымен катар майлы клетчатка организмнің үйкеліске ұшырайтын участоктарында мысалы, алақанда, табанда жұмсақ астар түзіп, механикалық қызмет атқарады.



Пигменті клеткалар. Бұл клеткалар жоғаргы сатыдағы омыртқалы жануарлар мен адам терісінің кейбір бөлімдерінде болады. Аналь айналасында, емшекте, көздің тамыры мен мөлдір қабығында көп мелшерде кездеседі. Плазматикалық клеткалар жалпы талаурау тоқталған участоктарда жиналады. Олар талаурау участогында жиналған лимфоциттерден, моноциттерден және гистиоциттерден дамиды.

Плазматикалық клеткалар түзілген кезде протоплазмасы күшті тығыздалып, негізгі бояулармен боялатын базофилдік қасиет көрсетеді. Хроматиңің ірі кесек түйірлері бір келкі орналаспайтындықтан ядросы ала болып көрінеді. Қөбіне шетке ығысыңқы орналасады. Плазматикалық клеткалардың формасы дөңгелек немесе көп бурышты, ал мөлшері әртүрлі болып келеді. Жоғарыда айтылған клеткалардан басқа болбыр дәнекер тканьде қан тамырларынан ауысатын көптеген лейкоциттер кездеседі. Бұл лейкоциттердің ішінде лимфоциттер және нейтрофилдер басым болады. Олар әсіресе талаурау участоктарында өте көп кездеседі.



Болбыр дәнекер тканінің дамуы. Болбыр дәпекер тканьнің дамуы өте ерте басталады. Қан және .дәнекер тканьдердің барлығы, дамитын мезенхиманың клеткалары бос орналасып, омыртқалыларда клеткалары тармақпен жалғасатын мезенхималы синцитий түзеді. Қан жасалу басталылысымен мезенхималы клеткалардың бір қатары топталып, қан жүйесі бастамасынан қан аралықтарына ауысады. Ал синцитий күйінде қалған бөлімінен талшықты құрылымға және әр түрлі клеткалық элементтерге бай дәнекер ткані дамиды.

Болбыр дәнекер ткані дамитын бөлімдерде ядролардың митозды белінуі және

синцитиалды участоктардың көбеюі байқалады. Синцитийдің ядросы бар бөлімдері

бөлініп, қозғалмалы клеткаларға ауысады. Сонымен қатар синцитийдің өзі өсуін

токтатпай болбыр болады. Оның аралық заттарында жіңішке талшықтар пайда болады.

Олар алгашқы ретикулярлы талшықтар тәрізді күміспен қара түске жақсы боялады.

Кейінен біртіндеп жуан шоғырларға жиналып, нағыз коллаген талшыктарына

айналады.

Коллаген шоғырларының арасында ретикулярлы талшықтардан эластикалық талшықтар да пайда болады. Талшықтар пайда болғаннан бастап, мезенхиманың аралық заты дәнекер тканьнің аралық затына айналады.

Дәнекер тканьнің негізгі затын түзуге фибробласгар қатысады. Олардың эктоплазматикалық қабаттары клеткалардан бөлініп, аморфты затты пластинкаларға ауысады. Ол пластинкаларда коллаген және эластикалық талшықтарға ерекшеленетін фибриллярлы құрылымдар пайда болады. Аралық заттардың түзілуі тек фибробластардың қатысуымен ғана болмайды. Олар клеткасыз заттардан да ерекшеленіп отырады.



Ретикуллярлы ткань. Ретикуллярлы ткань жағдайга байланысты әртүрлі клетка элементтерін беретін болбыр дәнекер тканьнің бір түрі. Ол өзінің тармақтарымен протоплазматикалы синцитийге ұйымдасқан клеткалардан тұрады. Синцитийде клеткалық құрылыс жойылады. Бірақ ядросы бар протоплазма бөлімдері сакталып, қажетті жағдайда олар синцитийден белініп, клеткаға ауысады. Осындай участоктерді ретикуллярлы элементтер деп атайды (14-сурет). Ретикуллярлы элемент ядросының айналасында клетка орталыгы, хондрисомдар, ішкі торлы аппарат айқын көрінеді. Ретикулярлы ткань деп сол торларға байналысты ғана аталған.

Ретикуллярлы ткань бүйрек, тері тканьдерінің және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Оның өте көп кездесетін жері қан жасайтын органдар, сүйектің қызыл миы, лимфа бездері және талақ. Бұл органдарда ретикуллярлы элементтерден қанның клеткалары дамиды. Олардың ретикуллярлы тканьдерден түзілуі ядросы бар протоплазма участоктарының бөлініп, гемоцитобластарға ауысуынан басталып отырады. Гемоцитобластар даму жағдайына байланысты эритроциттерге немесе гранулоциттерге ерекшеленеді. Түзілген клеткалар қажетті жағдайына қарай әр түрлі бағыттарда дамуы мүмкін. Мысалы, талаурау, тітіркену жағдайларында макрофагтарға ауысады. Ал жараланған участок жазылып, оның орнында тыртық ткань түзілсе, бөлінген гемоцитобластар фибробластарға айналады.

Сонымен қатар ретикулярлы синцитийдің протоплазмасы тығыз, бөгде заттарды мысалы, бояуларды жинағандықтан олар организмнің ішкі ортасын тазартып тұратын гистиоцит тәрізді клеткаларға да айналып отырады. Мұндай қасиет бүйрек, бауыр, бүйректі бездің және көптеген бездердің капиллярларының эндотелийінде де болады. Сондықтан организмнің ішкі ортасын бөгде заттардан және зат алмасу продуктілерінен тазарту ретикулярлы тканьге, гистиоциттерге және кейбір органдардың капиллярларының эндотолийіне жалпы тән қасиет болады. Дәнекер тканьдердің бұл элементтерінің барлығы ретикулярлы-эндотелиалды жүйе деп аталатын тұтас аппаратка бірігеді. Бұл жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады




14-сурет. Мысықтың май ұлпасының лимфа туйінінен алынған ретикулярлы дәнекер ткань.

1—ретикулярлы талшықтар; 2 — ііротопдазманың ядролы бөлі.мдері.




Қан және болбыр дәнекер тканьнің тұтастығы. Қан мен дәнекер тканьнің. тұтастығы талаурау процестерінде айқын көрінеді. Дәнекер тканьге бөгде заттың түсуі немесе оның бұзылуы өлі участок некроз ордасын түзеді. Мұндай жағдайда талаурау процесі пайда болады. Талаурау процесі талаураған аймақты өлі клеткалар мен бактериялардан тазартып, дәнекер тканьді бөгде заттан коршайды. Талаурау процесі клеткалардың дәнекер тканінен және каннан көшуінен басталады. Нейтрофильдер кан тамырларынан сыртқа шығып, амеба тәрізді козғалады. Талаурау аймагына қарай жылжып, оны бөгде заттан, тазартады.

Нейтрофильдерден кейін каннан лимфоциттер мен моноциттер көшеді. Кейіннен моноциттер және лимфоциттер макрофагтарға айналады. Сөйтіп талаурау аймағын бактериялардан нейтрофильдер, ал өлі тканьдерден макрофагтар тазартады. Жарақаттанған ткань бактериялардан тазартылмайынша, регенерациялық процестер мүлде басталмайды.

Егер талаурау бөгде заттың себебінен болса, онда регенерациялық процестер бөгде затты организм тканінен беліп, фиброзды капсула мен қоршайды

ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘНЕКЕР ТҚАНЬ

Қалыптасқан дәнекер тканьнің механикалық маңызы бар. Оның басым бөлігі — талшықтар, клеткалары өте аз болады. Болбыр дәнекер тканьнен айырмашалығы сол, талшықтары дұрыс орналасады. Тығыз дәнекер ткань терінің негізін, тарамыстарды және сіңірлердің көпшілігін күрайды.

Терінің негізі — дұрыс шумақталған коллаген шоғырларынан тұрады (15-сурет). Тері өндірісінде жануарлар терісінің осы бөлімі пайдаланылады. Шумақталған торлардың арасында бұл тканьнің негізгі клеткалары фиброциттер және гистиоциттер орналасады.

Тарамыстар — организмде етті сүйекке байланыстырып тұрады. Олардың басым бөлігі коллаген талшыктар. Ал, эластикалық талшықтар аз мөлшерде кездеседі. Коллаген талшықтары созылу бағытына қарай көлденекіней ретпен орналасып, шоғырлар түзеді (16-сурет).



15-сурет. Тығыз дәнекер ткань.

1 —коллаген шоғырлардың ұзына бойы және 2 — көлденең кесіндісі; 3 — қан тамырлары мол болбыр дәнекер тканініқ аралықтары


Шоғырлардың арасында фиброциттер жатады. Олар аморфты заттармен қоршалып, дұрыс қатарлар түзеді. Коллаген талшықтарының шоғырлары фиброциттермен бөлініп, бірінші реттік шоғырлар түзеді. Бұл шоғырлардың тобы болбыр дәнекер тканьмен қоршалып, екінші реттік шоғырлар түзеді. Ал, олар үшінші реттік және тағы басқа шоғырларға жинақталады. Жалпы тарамыстың өзі дәнекер тканьді қабықпен коршалады. Тарамыстың дүрыс шоғырлы күрылысының физиологиялық зор маңызы бар. Өйткені, ондай құрылыс беріктілік береді. Талшыктардың шоғырларын бөліп тұратын дәнекер тканьдері кан тамырларына бай болып, тарамысты қоректендіріп тұрады. Сонымен қатар онда көптеген камбиалды элементтер орналасып, тарамыс бұзылғанда оны қалпына келтіріп отырады.

Серпімді сіңірлер — негізінен серпімді талшықтардан тұрады, Бұлардың талшықтары да тарамыстардікі сиякты ұзына бойына орналасады, бірақ шоғырлар түзбейді (17-сурет). Талшықтар арасындағы болбыр дәнекер ткань сіңірлерді біртұтас тканьдерге біріктіріп тұрады. Сіңірлердің серпімділігі күшті. Организмде олар тек жиырылуға ұшырайтын органдарда кездеседі. Мысалға, ортан жіліктің жамбаспен жалгасатын жеріндегі дөңгелек сінірді келтіруге болады. Серпімді талшықтардың түсі — сары. Сондықтан сіңірлерді кейде сары сіңірлер деп атайды.




16-сурет. Егеу құйрықтың құйырығынан алынған тарамыс. А – ұзына бойы, Б – көлденен кесіндісі, А – 1 – коллагенді шоғырлар; Б-1-екінші ретті шоғырлардың арасындағы дәнекер тканьді аралықтар; А-2-фибриоциттердің ядросы; б-2-бірінші ретті шоғырларды бөліп тұратын тарамастың клеткасы.




17 сурет – Серпімді сіңірдің ұзына бойы кесіндісі.1 – серпімді талшық; 2 –дәнекер тканьді аралықтағы фиброциттің ядросы.

ШЕМІРШЕК ТКАНЬ

Шеміршек ткань скелеттік тканьдер кұрамына кіріп, оріганизмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындагы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін камтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрылысы сүйектердін, бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршектер, әсіресе, төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын кұрайды. Шеміршек тканьдерінің аралық заты өте тығыз болатындықтан кан мен дәнекер тканьдердің клеткалары және нервтер мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі — перихондр (регі — айнала, сһоndros — шеміршек) арқылы диффузды жолмен орындалады. Аралық затының құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып, үш түрге бөлінеді.



Гиалинді шеміршек. Гиалинді шеміршек тканьнің ең көп тараған негізгі түрі (18-сурет) Сутқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т. б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тыгыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше куыстарында орналасады. Көбінесе олар 3—4—5 клеткалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір клетканын бөлінуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады (18-сурет). Шеміршек клетқаларының түрі-дөңгелек, созылыңқы, овалды, бұрышты және дискі тәрізді болады. Қлеткаларының түрі шеміршектің негізгі затының ыңғайына тәуелді. Жас шеміршектердің негізгі заты жұмсақтау болғандықтан клеткалар дөңғелек болып келеді. Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, клеткалары дискі тәрізді жаксы байкалады. Клетканын әрқайсысы прогтоплазманың тығыздалған кабатынан тұратын капсуламен қоршалады (19 сурет).

Шеміршектің аралық заты біркелкі болмаиды. Микроскоп пен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшық та байқалады. Талшықшалар өзара шырматылып, тор түзеді. Шеміршектің аралық затынын фибриллярлы кұрылысын байқау қиын. Өйткені, талшықтардың сәуле сындыру коэфициенті аморфты заттардікімен бірдей. Тек арнаулы өндеулерден өткізгенде ғана фибрилдерді көруге болады. Шеміршектің коллаген талшықтарынын касиеті тығыз дәнекер тканьдердікіндей болып келді. Сондықтан кайнатқанда олар да желім болады.

Шеміршектің талшықтарға бай басқа тканьдерден айырмашылығы оның аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршек аморфты заттары протеиндерден, хондриотинокүкірт қышқылынаң және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлімі хондриодинкүкірт қышқылы мен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі затын құрастырушы. Хондромукоид негізгі боялаурамен боялып, оксифильді болады.

Шеміршектің негізгі затында хондромукоид пен коллагеннің біркелкі емістігін олардың біртүске боялмауы байқатады. Базофильді бөлімдер шеміршек клеткалар тобына жақын орналасады. Клеткалар арасындағы негізгі заттың осылай ерекшеленуі адамның және жануардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқында түседі. Есейген шеміршекте әк тұздары көп жиналып, кәрі шеміршек омырылғыш келеді.




18-а сурет. Мысықтын кеңірдегінен алынған гиалинді шеміршек



18-б сурет. Мысықтың кеңірдегінен алынған гиалинді шеміршек. 4 — шеміршек клеткаларының изогенді топтары




19-сурет. Бұзаудың А-құлағынан, Б-омыртқа аралығынан алынған шеміршектері. 1- шеміршек клеткалар; 2-+серпімді талшықтар; 3-перихондтар; 4- негізгі зат; 5- коллагенді шоғырлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет