Жұмыртқа ол келешекте ұрықтануға, дамуға бейімделген клетка. Жұмыртка домалақ, кейде созылыңқы болып келеді. Ядросы жұмырткаға ұқсас болады. Жұмыртканын протоплазмасында басқа клеткада кездеспейтін ерекше белокты түзіліс — сары уыз болады. Ол жұмыртканын коректік заты.
Жыныс клеткаларының дамуы. Жыныс клсткаларының дамуы өте күрделі процесс. Жыныс клеткаларының дамуы жыныс бездерінде — сперматозоидтар аталық жыныс бездерінде, жұмыртқа — аналық жыныс бездерінде өтеді. Жыныс клеткаларының ұрықтануға қабілетті болуы олардың ядролық затының азаюына (редукциялануына) байланысты. Жыныс клсткаларының өсу дәуірінде редукциялануға әзірлік басталады, ол мейозис деп аталады.
Сперматогенез. Сперматозоидтардың даму циклін сперматогенез деп атайды. (sperma — тұқым, genesis — даму). Сперматогснез алғашқы аталық жыныс клеткасы сперматогониядан басталады да, негізгі төрт кезеңнен өтеді: өрбу, өсу, пісу, қалыптасу дәуірлері (спермиогенез) (2-сурет).
Өрбу дәуірі. Ядросы мол, хроматиндері бір калыпты орналасқан ірілеу келген, кесек түйірлері жаксы боялатын алғашқы қарапайым клетка — сперматогониялар өр бу дәуірінде активті түрде митозды жолмен бөлінеді. Бөліну аякталған соң сперматозоидтардың өсуі шапшаңдай түседі. Сперматогонияның бөліну саны түрлі жануарларда түрліше болады.
Өсу дәуірінде клетка бөліну қасиетін жойып қоректік затты сіңіріп, жылдам өсе бастайды. Өсу дәуіріндегі жыныстық клетканы бірінші реттік сперматоцит деп атайды.
Бірінші реттік сперматоциттің ядросы күрделі өзгеріс редукциялык бөлінуге дайындалады.
Бірінші реттік сперматоциты жұп болып орналасқан төрт хромосомды болады. Өсу дәуірінің соңында әрбір хромосом әдеттегідей екіге жарылып бөлінеді. Осының нәтижесінде-еқі жұп хромосомның орнына төрт жұп хромосом түзіледі. Сондықтан оларды тетрада (tetra - төрт) хромосомдар деп атайды. Тетрада саны хромосомның алғашқы санынан екі есе кем болады. Мысалға алынып отырған аскариданың тетра — хромосом тобы екеу болады. Өсу дәуірінің соңында тетра — хромосомдардың түзілуі тоқталады: жыныстық дамуы маусымды жануарларда өсу дәуірі мен пісу дәуірінің арасында демалыс кезеңі болады. Ал, басқа жануарларда өсу дәуірінің соңынан пісу дәуірі келіп отырады.
Сурет 1. Омыртқалы жануарлардың сперматозоидтары.
А – үстінен көрінісі; Б – бүйірінен көрінісі: 1- басы; 2- мойыны; 3- құйрығы; 4- тескіш; а-айғырдікі; b – есектікі; c-бұқаныкі; d- қошқардікі; e- текенікі.
Пісу дәуірі кезінде ядро екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінуінде жас клеткаларда төрт-төрттен бір жұп хромосом тарайды. Түзілген клетка төрт жұп емес екі есе кем хромосомды жұп болады. Мұндай бөлінуді редукциялы бөліну деп, ал жас клеткаларды екінші реттік сперматоциттер деп атайды. Сөйтіп редукциялы белінуде ядролык зат кемиді, өйткені бөлінген клеткага өсу дәуіріндегі төрт жұп хромосомдар жұпталмай сол, күйінде тарайды. Пісу дәуіріндегі тең бөлінуде жаңа түзілген клеткаға екінші реттік сперматоциттердегі жұптар түзетін хромосомдар тарайды. Пісіп жетілуден соң қалыптасу дәуірі басталады.
Пісу дәуірінде сперматоциттерден кұрылысы күрделі сперматида деп аталатын клетка пайда болады.
Сперматида дөңгелек, ядросының құрылысы айқың протоплазмасында барлық органоидтары бар клетка. Қлетканың көлемі алғашқы клеткадан шағынырак. Өйткені ол бірінші реттік сперматоциттің екі рет бөлінуінің. нәтижесінде пайда болған клетка. Дегенмен протоплазмасы келешекте өзінен түзілетін сперматозоидтың протоплазмасынан үлкенірек келеді.
Қалыптасу дәуірі. Сперматозоидтың қалыптасуы ядроның алдыңғы бөлімге ауысуынан басталады. Сонымен катар бөліну нәтижесінде ядроның қоректік заты біртіндеп тығыздалып, сперматозоидтың басына тән түрге келеді. Екі центриоли езін қоршаған тығыз сәулелі кеңітіктен бір кезде шығып, ядроға карама-қарсы жаққа ауысып, біреуі ядроға жақынырақ, екіншісі қашық орналасады. Қашықтағы центриолиден құйрықтың өзек жіпшесі пайда болады. Центриолилердің аралығындағы протоплазма сперматозоидтың мойнын түзеді. Центрнолилермен қатар орналасқан ішкі торлы аппарат клетканың алдыңғы жағына көшіп, тескішті түзуге қатысады. Сперматида органоидтарының қайта түзілуімең бір кезде протоплазма ядродан кашықтап, езек арқылы жылжиды. Цитоплазманың сәл бөліғі құйрықтың шетінде қалын, басым бөлігі клеткадан бір жола жойылып кетеді. Ядро тығыздалып, тұтасады. Осылайша қайта түзілудің нәтижесінде сперматозоидтар қалыптасады. Олардың формасы әр түрлі болады.
Овогенез. Жұмыртқаның даму циклін овогенез деп атайды. (ovis — жұмыртқа, даму). Бұл цикл — овогониядан (алғашқы жыныс клеткасы) басталып үш кезеңнен өтеді. Олар — өрбу, өсу, пісу дәуірлері. (2-сурет).
Өрбу кезінде овогония бірнеше рет митозды жолмен белінеді де, соның нәтижесінде клеткалардың саны көбейеді. Бөліну саны овогонияда да тұрақты емес.
Өсу дәуіріндегі клетка бірінші реттік овоцит деп аталады. Бірінші реттік овоцит шағын өсу, ұлғая өсу кезеңдерінен өтеді. Шағын өс кезедінде бірінші реттік овоцит протоплазманың_көбеюі арқылы өседі. Ядро өзгеріссіз қалады. Протоплазма мен ядроның арасындағы үйлесімділік жойылады. Соның нәтижесінде протоплазмаға келіп түсетін белок қорытылмайды. Сөйтіп ерекше белок — сары уыз түзіледі. Сарыуыз алғашында таяқша, кейін дән тәрізді түрге келеді. Сарыуыз түзілген шақ —ұлғая өсу кезеңі. Сарыуыз түзілетіндіктен аналық жыныс клетканың өсу дәуірі аталық жыныс клеткадан ұзақ болады. Бірінші реттік овоцитте де төрт жұпты хромосомдар тү. зіліп отырады.
2-сурет. А – сперматогенез; Б – овогенез.
Пісу дәуірінде ядро заты редукциялы (азаю) және эквациялы (тең) екі рет бөлінеді. Бірақ бірінші реттік овоциттен сперматоциттегі сияқты төрт жыныс клеткасы пайда болмайды. Қерісінше аналық жыныс клеткасы түзілген төрт клетканың біреуі ғана пісіп-жетіледі, ал үшеуі бағыттаушы денешік ретінде қалып корекке жумсалады. Осылай болуының себебі протоплазманың тең бөлінбеуі төрт жұп хромосомды бірінші реттік овоцит алғашкы бөлінгенде бір жұпты хромосомды болып, протоплазмасы тең бөлінбейді. Бір клеткада протоплазма аз, ал екіншісінде көп болады. Өте ірі екінші реттік овоцит және ұсак бірінші багыттаушы денешік — полоцит түзіледі. Бірінші бағыттаушы денешік екіге бөлініп әрі қарай дамымай қалады. Екінші реттік овоцит екінші жолы тең бөлініп, тағы да екінші бағыттаушы ұсақ денешік және белогы азайған хромосомы бар пісіп-жетілген ірі жұмыртка клеткасын тузеді.
Сөйтіп, пісу дәуірінің соңында бірінші реттік овоциттен піскен бір үлкен жұмыртқа, үш кіші қоректік клетка түзіледі. Аналық жыныс клеткасының дамуында қалыптасу дәуірін жеке атап өтуге болмайды. Дегенмен аналық жыныс клеткасында да ұрыктануға арналған ерекше белгілер бар. Бұл ерекшеліктерге бірінші реттік овоциттің өсуі кезіндегі протоплазыаның көбейіп, сарыуыздың жиналуы мен кабықтардың түзілуі жатады. Кейбір жануарлардың жұмырткасында алғашкы қабық овоциттің өсуі бітпей тузіледі. Қейде ол жуан болып келеді. Сондықтан мұндай жұмырткаларда сперматозоид кіретін арнаулы тесік (микропиле) болады. Бұл сияқты тесік егер жұмыртқаның дамуы бітпей қалыптасса екінші қабықтарда да пайда болады. Пісіп-жетілген жұмыртқаның үш негізгі қабығы болады: сарыуыз кабығы—жұ мыртқаның цитоплазмасынан, жылтырауық қабығы — фолликулярлы эпителийден, сәулелі шоғыр қабығы—фолликулярлы клеткадан құралады. Овогенез циклі қабық тардың түзілуімен аякталады.
ЖЫНЫС БЕЗДЕРІНІҢ ҚҮРЫЛЫСЫ
Аталық жыныс безі — жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда жыныстық продуктілермен қатар жыныстын гормондар да жасалады. Аталық бездердің құрылысы әр түрлі болып келеді. Сырты қабықтармен қапталған іші тығыз дәнекер тканьдерімен бөлінген торлардан тұ рады. Торлардың ішінде жыныс клеткасы үлкен жоы және кіші жолы болады. Әрбір жыныс клеткасының жолдары аралық болбыр дәнекер тканьмен толтырылған. Жыныс клеткасы жолы иректелген цилиндр тәрізді түтік. Оның кабырғасы эпителий клеткаларынан түзілетін сертоли деп аталатын клеткалардан құралады. Жыныс клеткасы жолының қуысы әр түрлі даму дәуірлерінде жыныс клсткаларына толы болады. Сертоли клеткаларынын ядро жатқан бөлігі жыныс клеткасы жолын қоршайтын дәнекер тканьді қабатпен байланысты болады. Протоплазманың көбі тутіктің ішкі шетіне карай жиналып, сол жерде синцитиальды (тканьдік) неғіз түзеді. Мұнда дамитын жыныс клеткалары орналасады. Бұл клеткалар жыныс клеткасы жолында бірнеше қатар болып орналасып, қабырғасы көп қабатты түтік тәрізденіп көрінеді. Мұның себебі, жыныс клеткаларының бір тобының дамуы аяқталмай екінші тобының дамуы басталып, түтіктін қабырғасының шетіне карай ауысады.
Жыныс безі түтігінің келденең кесіндісінде жүйелі орналаскан жыныс клеткалаларын анық көруғе болады. Сперматогониялар түтіктің ішкі жағында қабырғаға жабысып тұрады, ал жетілмеген сперматозоидтар түтіктің шыға беріс аузында жатады.
Сперматидтердің ұзақ және күрделі кері түзілуі жүріп жатқан кезде жыныс клеткасы жолының шетінде сперматозоидтар болмайды. Ал оның сырткы қабырғасының ішкі жағында сперматогония мен бірінші реттік сперматоциттер кездеседі.
Сперматидтердің дамуы аяқталған соң түтіктің екінші бөлімінің шетінде сперматозоидтар жетілген түрінде болады. Сонымен катар бірінші реттік сперматоциттер пісу кезінде жедел майдаланып сперматидтерге айналады. Ал, түтіктің ең сыртқы қабырғасында сперматогониялар жатады.
Көптеген омыртқасыздарда жыныс бездері қапшық тәрізді, тек бір шеттен ашылады. Мұндай жыныс бездерінде жыныс клеткалары даму кезеңдерінде тең бөлініп орналасады. Жыныс бездерінің шығарушы түтігінен қашығырақ бөлімінде сперматогониялар орналасып, оған жақындау бөлімінде сперматозоидқа айналатын клеткалар жатады.
Омыртқалылардың көпшілігінің сперматозоидтарының бөлінуі күйіті келуі мерзіміне тәуелді. Адамда және кеибір омырткалыларда (иттерде, теңіз шошқасында, егеу кұйрықтар т. б.) сперматозоидтар жыныс безінде үздіксіз дамып отырады. Жыныс безінін қызметі организм ашыққанда, авитаминозға ұшырағанда, уланғандай тез өзгереді. Рентген сәулесінің әсері және атом радияциясы сперматогенезді бір жолата токтатады.
Аналық жыныс безі. Аналық жыныс бездерінің құрылысы жұмыртқаның қоректену бейімділігіне тығыз байланысты. Қейбір жануарлардың жұмыртқасы осмос жолымен қоректенеді. Жұмыртканың негізгі екі - солитарлы және алиментарлы қоректену жолы бар. Алиментарлының өзі нутриментарлы және фолликулярлы болып бөлінеді. Нутриментарлы әдісте жұмыртқа қоректендіруші клетканы ақыр соңында сіңіріп жібереді. Фолликулярлы қоректенуде әрбір овоциттің айналасына немесе тұтас жыныс безінің сыртына ариайы фолликулярлы клеткалардан эпителий қабыгы түзіледі. Фоллккулярлы клеткалар кейбір жануарларда овоцитті толық қоршамайды. Мысалы, насекомдарда фолликулярлы клеткалар овоциттің үстіңгі бір бөлімімен жанасып, аналық оргаинзмнен қорек алып тұрушы фолликул сабақшасын тузеді.
Жақсы дамыған фолликулдер қабығы сүтқоректілері мен адамдарда кездеседі. Әйелдердің жыныс бездері дәнекер тканьді стромадан тұрады. Строманың ішкі-милы кабатын және сыртқы—қабықты кабатын ажыратуға бо лады. Жыныс безі сырт жағынан бір кабатты ұрық эпитилийімен қоршалады. Болашақ қыздың жыныс безінде алғашқы жұмыртқа бездің қабықты бөлімінде пфлюгер қапшығы деп аталатын топтар түзіп орналасады. Пфлюгер қапшығын жазық фолликулярлы клеткалар түзеді. Әрбір қапшықтың ішінде санаулы овогония орналасады. Қыз дүниеге келген соң овогонияның көбеюі тоқталады. Овогониялар ересек организмде өсіп овоцитке айналады. Овоциттер қапшыктан босап, жыныс безінің стромасында бос орналасады. Әрбір овоцит жазық фолликулярлы клеткалармен қоршалып, алғашқы немесе примордиалды фолликул деп аталынады. Алғашқы фолликулдер бездің үстіңгі бөлімінде ұя тәрізденіп орналасады.
Көптеген жануарларда аналық жыныс клеткаларының көбеюі өмір бойына жүріп отырады.
Ал, сүтқоректілер мен адамдарда жыныс клеткаларың тек ұрықтық кезінде көбейіп, ұрықтық кезінен соң өсіп жетіледі. Бірақ овоциттердің болмашы ғана саны жұ мыртқа дәрежесіне жетіп, қалғандары пісіп-жетілу кезеңіне дейін-ақ өліп кетеді. Мысалы дүниеге келген қыз баланың 50—100 мың овоцитінен тек 500-і ғана жумыртка дарежесіне жетеді. Бірқатар сүтқоректілерде овогониялар жыныс клеткасы жолынан тыс жерде де ұрыктык эпителийден түзілуі мүмкін. Ал, тышқан мен егеу куйрыктыларда овогония түзілуі өмір бойы жүріп отырады.
Қыздардың жыныс бездерінде алғашқы жыныс клеткалары овоцит күйінде болып, жасы жеткен соң алғашқы фолликулдер дамиды, оны Граафов сауыты деп атайды. Алғашкы фолликулдің дамуы фолликулярлы клеткалардың өзгеруінен басталады. Фолликулярлы клеткалар бөлініп, жазық түрінен текше тәрізденіп, кейін жоғары призмалы клеткалар түріне айналады. Олардың көбеюі нәтижесінде бір қабатты эпителий көп қабатты болады. Бұл кезде овоцит — жылтырауық қабықпен қоршалып, жедел өседі. Сөйтіп овоцит өзін қоршаған фолликулді эпителиймен бірге фолликул деп аталынады. Жұмыртқаның фолликул аты Граафов сауытына ауысқанша сақталынады. Граафов сауыты, басқа сөзбен айтқанда, пісіп жетілген фолликул. Сөйтіп фолликулярлы эпителий өсе бастайды. Өскен фолликулярлы эпителийдің клеткалары арасында сұйыққа толы қуыстар пайда болады. Қуыстар көбейіп, бір-біріне қосылып, бір үлкен қуыс түзеді. Соның нәтижесінде пісіп-жетіліп тығыздалған фолликул Граафов сауытына айналады. Граафов- сауытының қабырғасы бірнеше, қабатты клеткалардан құралады. Жұмыртқаны қоршаған бөлімі жуандап, сауыт қуысына бағытталып төмпешік түзеді, оны жұмыртқа беруші төмпешік деп атайды. Граафов сауыты сыртынан дәнекер тканьді қабық-текамен қапталады. Фолликулдер жыныс безінің кабықты заттарына терең орналасып, толық піскен Граафов сауыты жыныс безінің қабықты қабатының үстіне орналасады. Граафов сауытының жұмыртқа беруші төмпешігі ұрықтық эпителийге қарай орналасады. Граафов сауыты үлкен болады. Сондықтан жыныс безінің үстінде шығыңқы жатып, жай көзбен анық көрінеді. Механикалық күштердің әсерінен сауыттың қабырғасы жұқарып жарылады, піскен жұмыртқаны қоршаған фолликулді клеткалардың қабаты — сәулелі шоғыр түзеді. Сөйтіп піскен жұмыртқа жыныс клеткасының жолына түседі. Піскен жүмыртқа жыныс клеткасының жолында шырышты ағыс арқылы жатынға тартылып алынады. Ұрықтану жыныс клеткасы жолында өтеді. Өйткені жыныс жолы бұл үшін қолайлы орта.
Жыныс циклі. Жұмыртқаның Граафов сауытынан аналык жыныс безінің үстіне түсуіп овуляция деп атайды. Граафов сауытының орнына жаңа орган сары денешік дамиды. Егер жұмыртка урыктанса, жуктілік сары денешік, ал жұмыртка ұрыктанбаса, жалған сары денешік дамиды. Жүктілік сары денешік жалған сары денешіктен ірі болады. Сары денешіктің дамуы фолликулярлы клеткалардың көбеюінен басталады. Олардың көбеюімен қатар өзін қоршаған дәнекер тканінен қан капиллярлары өсіп дамитын органның ішінде көптеген қан тамырлары түзіледі. Фолликулярлы клеткалардың протоплазмасында пайда болған пигмент-лютеин денешікке сары түс беріп тұрады. Сары денешік тез арада жойылып кетеді.
Сары денешік гормон шығарып овуляцияны уакытша токтататың без. Адамда Граафов сауытының пісуі және овуляция аналық жыныс безінін бірде он, бірде сол бөлігінде болып отырады.
Аналық жыныс безіндегі циклді өзгерістер Граафов сауытының пісуі, овуляция және сары денешіктің түзілуі жатынның қабырғасындағы өзгерістермен тығыз байланысты.
Сары денешік гормонының әсер етуінен жатыннык шырышты кабығы жуандап, ұрықтанған жұмыртқаны кабылдауга, оны қоректендіруге дайындык жасайды. Сары денешікті алып тастаса, ұрык жүктіліктің бірінші жартысында өледі. Егер жұмыртка ұрықтанбаса, сары денешік жойылып (атрофия) жатынның жуандаған шырышты кабығы бөлініп, кан тамырларының бұзылуы нәтижесінде азды-көпті қан ағады. Мұны етек кірі келу яки менструация (menstruus — айлық) деп атайды.
Менструация тоқталған соң жатынның кабырғасында регенерациялық (қалпына келу) процестері жүреді, аналық жыныс безінде жаңа Граафов сауытының дамуы басталады.
Граафов сауытының пісуі және овуляция процестері адамда 28 күнде жүйелі түрде қайталап отырады.
Менструация аралығындағы әрбір овуляцияда әрдайым бір Граафов сауыты жарылып отырады. Әйелдерде 45—50 жасқа дейін Граафов сауыты жүйелі пісіп, онан соң біртіндеп атрофияга ұшырап, акырында токталады. Мүнымен катар жатындағы цикл реті бұзылып, менструация токталады Жұмыртка нашар қоректенсе, организм уланса, сондай-ак кейбір жұкпалы ауруларға ұшыраса, жүмыртқанын жетілуі баяулайды.
Жануарларда овуляция күйіті келу кезеңімен катар журеді. Осының нәтижесінде бір Граафов сауыты, ал егіз, онан да көп туатын жануарларда бірнеше Граафов сауыты жарылады. Бұлардың әр қайсысында бірнеше жұмыртка пісуі мүмкін.
ҰРЫҚТАНУ ПРОЦЕСІ
Ұрыктану жынысты кәбеюдің негізгі түрі. Барлық жоғары сатыдағы жануарлардың көбеюі ұрыктану жолымен өтеді.
Ұрықтану деп аталык және аналык жыныс клеткаларының косылуын айтады. Ұрықтандырудың нәтижесінде жыныс клеткаларынан сапалы айырмашылығы бар кос нәсілді жаңа клетка — зигота түзіледі. Зиготаның аса зор биологиялық маңызы бар. Ол организмнің тіршілік жағдайына бейімделгіш келеді. Зигота майдаланып, көп клеткалы ұрыққа айналады.
Аталық және аналық жыныс клеткалары организмде жетілгенмен өз бетінше пайдаланып дамуға кабілеті болмайды. Бұған тек партеногенездік көбеюдің бұдан өзгешелігі бар. Партеногенездік көбеюмен кейінірек танысамыз.,
Егер сперматозоид жұмыртқамен қосылмаса, активтілігін тез жойып, өледі. Сол сияқты протоплазмаға бай жұмыртка клеткасы да ядроның кішілігінен туатын теңсіздіктің нәтижесінен көп ұзармай өледі. Сондықтан ұрықтану мен даму үшін жыныс клеткаларының тез кездесуі қажетті.
Ұрықтану, ұрықтанудың өтетін жеріне байланысты жатында және сыртқы ортада болып екіге бөлінеді.
Сырттай ұрықтану кезінде жыныс клеткаларының қосылуы теңіздерде немесе түщы суларда өтеді. Іштей ұрыктануда жыныс клеткалары аналық жыныс жолында қосылады. Алғашкының дамуы суда, соңғының дамуы аналық организмнің ішінде өтеді.
Жұмыртканың сперматозоидпен қосылуға әзір болуы бағыттаушы денешіктің шығуына байланысты. Мысалы, теңіз кірпісінде сперматозоид жұмыртқаға екіпші бағыттаушы денешік бөлінген соң енеді. Бағыттаушы денешік адамда сперматозоид жұмыртқамен жанасқанда ғана білінеді. Мұнымен қатар сүтқоректілерде сперматозоид пісу кезеңінің бірінші бөлінуімде, ал ланцетниктерде екін ші бөлінуінде де енеді.
3-сурет. Теңіз жулдызы жұмырткасының ұрықтануы.
А — сперматозоидтармен қоршалган жұмыртқа; Б — В — жұмыртқаның
қоймалжынды қабыгына сперматозоидтардың eнуі; Г-Д — сперматозоидтардың жұмыртқаның протоплазмасына енуі
Сперматозоид жұмыртқамен қосылғанда қос нәсілді клетканың құрылыс, физиологиялық касиеттері және басқа күрделі қызметі арта түседі. Ұрықтануды қамтамасыз ететін алғы шарттар организмнің эволюциясымен тығыз байланысты болады. Мысалы, насекомдарды акулалардың жұмыртқасы тығыз қабыкпен қаптаулы болғандықтан олардың жұмыртқасында сперматозоид енетін арнаулы микропиле тесігі түзіледі. Ал амфибийлердің жұмыртқасы сперматозоид кездескен жерінен енетін ұйытқы қабықпен капталған болады. Оларда сперматозоид жұмыртқаға жанасқан кезде жұмыртқаның протоплазмасы қабылдауыш төмпешік түзеді. (3-сурет). Мұндай төмпешіктер сперматозоидтың жұмыртқа протоплазмасына енуін жеңілдетеді.
Қабылдауыш төмпешіктер қабығы жоқ жұмыртқалардың бетінде де түзіледі. Сперматозоид төмпешікпен жанасқаннан соң активтік қозғалысын жойып, жүмыртқаның протоплазмасына тартылады. Сперматозоидты жұмыртқаға қарай қозғалысын таксис деп атайды. Көптеген жануарлардың жұмыртқалары сперматозоидқа хемотаксистік әсер ететін зат алмасу продуктысын бөліп шығарады. Ұрыктанбаған жұмыртқа жатындағы жұмыртка жолымен қозғалып сперматозоидпен кездесетін жеріне келіп түседі.
Сонымсн микропиле және қабылдауыш төмпешік сперматозоидтың жұмыртқаға енуін, яғни жыныс клеткаларының қосылуын жеңілдетеді.
Ұрықтану тек жыныс клеткаларының кабілетіне ғана емес, сондай-ак табиғи орта жағдайларына да тәуелді. Әсіресе ұрықтануы сырттай болатын балык, амфибий және кейбір жануарлардың ұрықтануы ортаның жағдайына өте тәуелді болады.
Ұрықтану үшін қажетті жағдайларының бірі — суйық ортадағы гидроксиль иондары мен NaCl, КСІ, СаС12, МgС12 тұздардың белгілі концентрацияда болуы. Қышқыл ортада жыныс клеткалары ұрықтанбайды. Қүшті сілтілік ортада жыныс клеткалары қосылғанмен, зигота дамымайды. Өйткені ортаның реакциясы әлсіз сілтілі болуы шарт.
Ұрықтанудың морфологиясы. Ұрықтануды сипаттап жазуда теңіз кірпісін мысалға алады. Өйткені олардың ұрықтану процесі жақсы зерттелген. Теңіз кірпісінің жұмыртқасы, сперматозоид оңай өтетін қоймалжынды қабықпен қапталған. Өзіне ең бұрын жеткен сперматозоид қана жұмыртқа қабылдауыші төмпешік түзеді. Жұмырткаға сперматозоидтың басы мен мойны кіріп, протоплазмалы құйрығы сыртта қалады. Солай бола тұрғанмен, жұмыртқа айналасына миллиондаған сперматозоидтар жиналып, алқалай қоршап алады да, ұрықтану процесін жеңілдетеді. Егер құйрығы жұмыртқаға бірге енсе онда сперматозоид еріп кетеді. Сперматозоидтың басы кірісімен жұмыртқа клеткасының шеткі бөлімдерінің протоплазмасы тығыздала бастайды. Соның нәтижесінде ұрықтану қабығы түзіледі. Ұрықтану кабығы тез пайда болады.
Сперматозоидтың басы жұмыртка ішінде аналық ядроға қарай ауысады. Сперматозоид басының алдынғы бөлімі ядроға қарай бірінші болып ауысып, мойыны сонаң ауысады. Сол кезеңде мойында клетка орталығының сәулелі кеңістігі пайда болады. Жұмыртқаның ішінде аталық ядро өте күшті өзгереді.. Ол біртіндеп ісініп, көлемін ұлғаитады. Оның хроматиндері бөлшектеніп, құрылысы жағынан айкындалған нағыз ядроға айналады.
Аталық және аналык ядроның бірін-бірі сініруі нәтижесінде митозды бөлінетін майдалану ядросы түзіледі.
Бақылау сұрақтар:
-
Жыныс клеткалардың құрылысы.
-
Эмбриогенездің кезеңдері.
-
Ұрықтану, оның биологиялық маңызы..
-
Гистогенез бен органогенез..
-
Омыртқалылардың дамуы.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
-
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
№ 5-6 Дәрістер. Эпителиалды ұлпалары.
Дәрістің мақсаты: Эпителий ұлпаға жалпы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Ұлпаны зертгеудегі АА.Заварзин, А.В.Румянцсв, Н.Г.Хлопин т.б. ғалымдардың қоскан үлесі. Қыскаша тарихы баска пәндермен байланысы.
-
Организімде орналасуьша байланысты эпителий үлпасьна жалпы сипатгама.Эпителий үлпасынын гистогенезі. Морфофункционалдық жэне генетикалық классификациясы. Бір қабатты эпителий. Коп кабатты зпителий.
-
Эпителий ұлпасының ерекшеліктері. Базальді мембрана. Безді эпителий. Безді эпителийдің классификациясы, кұрылысы, кызметі.
Эмбриогенез процесінде түзілетін тканьдер ересек ор-ганизмдерде де үздіксіз дамитын болады. Қлеткалардың және клеткасыз түзілістердіц дифференцировка процесте-рі токталмайды. Жаңа клеткалар пайда болып оның біреулері өрбуге, ал екіншісі жүйелі ауысып отыруға қабі-летті болады. Жанадан пайда болатын клеткаларды кам-биалды клеткалар деп атайды. Соныыен қатар ерекшеле-нетін және ыаыанданатын клеткалар да бар, олар даму нәтижесінде бөлінуге кабілеттілігін жойып, арнаулы кызыет атқаруға бейімделеді. Ондап клегкаларды жете ыамандангаи клеткалар деп ат;шды. Бүл клсгкалар қыз-метін атқару үстінде қартайып, біртіндсп өліп отырады. Олардың орнын ерекшеленуі нашар, кебею кабілетін жоймаган клеткалар толыктырады. Жете мамандангам клеткалардың тіршілігінің ұзактыгы әр түрлі. Мысалы, нерв тканьдсрі клеткаларының к«бі организммеп ка-тар жасалады, бүгап қарама-карсы өтс жогары маман-далған клетка—адамның эритроциті, орта есеппен алған-да 130-ақ күн өмір сүреді.
Клетканың ыамандануы мен ерекшеленуі гистологияның толық шешілмеген, әлі де зерттеуді талап ететіп са-ласы болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |